Оргазм. «Көпір» техникасы

Төсекте ләззат алу әйел көңіл-күйіне оң әсер ететіні белгілі. Алайда оған кейде психологиялық, физиологиялық себептер кедергі болып жатады.

Осы кезге дейін қынап оргазмы, шүртекей (клитор) оргазмы дегенді естіп келдік, аса дамып кеткендер жатыр оргазмы туралы аңыз жырлайды. Оны естіген шүртекей оргазмшылар өмірдің рахатынан құр қалғандай біртүрлі боп қалады. Себебі олар бар болғаны шүртекей оргазмын сезінеді ғой…

Ал кейбір заманауи сексологтар оргазмды категорияларға бөлуді дұрыс емес деп есептейді. Олардың пікірінше «кез келген оргазмның қайнар көзі – шүртекей, яғни клитор«.
Оны түсіну үшін клитордың құрылысын білу жеткілікті. Көпшіліктің клитор деп жүрген шошағы – тек клитордың басы. Одан бөлек оның денесі, тіпті аяқтары бар екенін біразы біле бермейді. Олар қынапты қоршай орналасқан және сезімталдығы басына қарағанда төмендеу болуы мүмкін.

Көп әйелдердің кәдімгі коитус (еркек мүшесінің қынапқа кіруі) кезінде ләззат алмай, тікелей клитордың басын аймалағаннан ғана тоят алуының себебі де сондықтан. Бірақ ол үшін уайымдаудың қажеті жоқ, себебі ол да толыққанды оргазм. Клитор басына стимуляция жасауға қолайлы қалыптарын тауып, бір-бірінің қалауларын толық меңгеріп, төсекте гармонияда жүрген жұптар жеткілікті.

Дегенмен дәстүрлі жыныстық қатынастан тояттауды үйренгісі келетіндерге сексологтар «көпір» техникасын ұсынады.

Бұл техника келесідей:

1. Ер партнер коитус кезінде бір қалыпты фрикция жасайды және сол уақытта әйелдің өзі немесе партнері клиторға қолмен стимуляция жасап, әйелді оргазм алды күйге жеткізіп алады.

2. Оргазм алды күйге жеткен бойда, клиторды аймалауды тоқтатып, фрикцияны үдету керек.

Техниканың «көпір» аталу себебі де осыдан, яғни бұл әрекет  – клитор басындағы ләззатты денесіне өткізетін көпір салғанмен тең.

Оргазм келмей бәсеңдеп қалса, әрекетті қайтадан басынан бастауға болады. Сондай-ақ бастапқыда оргазм әлсіздеу болуы мүмкін, бірақ бірте-бірте клитор денесі мен аяқтарының сезімталдығы артып, ләззатқа кенелу ықтималдығы бар.

Негізінен, оған алдымен әйелдің өзі партнерсіз жаттығып, нәтижеге жетіп көруге кеңес беріледі.

Секс сәтті болсын!

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған