Өз санамыздың әсерінен пайда болатын аурулар

Өз санамыздың әсерінен пайда болатын аурулар

Facebook Пікір

Өзіңіздің санаңыз сізге кейде қарсылас болатынын ойлап көрдіңіз ба? Миымыз бізге тек түнгі жаман түстер ғана емес өмірлік жолымызға кедергі тудыратын нәрселер жасайды. Кез-келген аурудың салдарына санамыздың қатысы бар.

Бұл жерде медицинаның шамасы жетпейді. Тіпті аяқ асты болған жағдайда адамның санасының әсері бар, ол дәл сол сәтте өзін қалай ұстағаны сол кездегі жағдайға тікелей әсер еткені.

Психосоматикалық 7 ауру:

  1. Бас ауруы. Бас ауру әлем бойынша бірінші ауру болып саналады. Оның көбі күйзелуден, депрессиядан, үздіксіз алаңдаудан туындайды. Иықтарыңыздағы, желкедегі, бастағы ауыртпашылық күнделікті өзіміз сүріп жүрген өмірдің әсері. Бұндай ауыртпашылықтан құтылу үшін арасында демалып, өз қарқыныңызды ақырындату керек.
  2. Инфаркт. Адамдардың өз эмоцияларын басқара алмауы көп мәселе туғызады. Әсіресе ыза мен ашу, олар дене бойыңызға жиналып келіп жүрек талмасына алып келеді. Егер біз көп ренжи берсек, біздің денемізде май жинала береді. Оны тек физикалық күшпен ғана жеңуге болады. Егер оны кетірмесеңіз соңы инфарктқа әкеліп соғады.
  3. Іш аурулары. Бұл ауру түрлері де өз эмоцияларыңызды басқара алмаудан туындайды. Әрине, дұрыс тамақтанбауда әсер етеді, бірақ ашу мен үрей, қорқыныш ылғи сіздің ішіңізді ауыртады. Бір нәрседен қорыққанда ішіңіздің бірінші белгі беруі осыдан.
  4. Фибромиалгия. Бұл дене бұлшық еттерінің тым сезімталыдығы мен ауруы. Бұл ауру көбіне ұйқының бұзылуы, бас ауруы, аяқ ауруы, зейіннің жоғалуы, аяқтарыңызды басқан кезде, денеңізге бір нәрсе тиіп кеткен ауруымен бірге жүреді. Фибромиалгия көбіне қатты есеңгіреу, күйзелу мен жарақат салдарынан болады.
  5. Созылмалы шаршау. Бұл сіздің ылғи физикалық әлсіздігіңіз. Егер сіз өзіңізді жиі 12 сағаттан аса демалған адам сияқты сезінсеңіз сізде созылмалы шаршау бар. Бұл ауру түрі де өзіңіздің эмоцияңыздың әсерінен пайда болады. Бұл шаршау сіз өзіңізге еркін босаңсуға мүмкіндік бермеген кезде болады. Ішкі ағзаңыз шаршап, ары қарай жүруге шамаңызды қалдырмайды.
  6. Асқазан жарасы. Күйзелудің тағы бір жаман әсері. Жиі болатын күйзеліс пен дұрыс тамақтанбау асқазанның шырышты қабығының бұзылуына әкеледі. Содан кейін барып асқазанның жарасына ұласады.
  7. Иммунитеттің бұзылуы. Біз ылғи үрейде, күйзелуде, депрессияда жүре берсек біздің ағзамызда әлсіреп, біздің қорғауын азайтады. Соңында біз өзімізді әлсіз сезініп жиі ауыра береміз. Сондықтан болмайтын нәрсеге бола уайымдап, қайғыра бермей дұрыс демалып, физикалық жаттығулар жасап, дұрыс тыныс алу керек.

Өз өмірімізді өзіміз құратынымызды ұмытпайық, дұрыс ойлау, дұрыс өмір сүру тек өмірімізді ғана реттемей ағазамызды да жақсартуға көмектеседі. Сізді қандай аурулар жиі мазалайды? Жаза отырыңыз, себебін бірге іздеп көрейік.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған