Өзін төмен бағалайтын әйел

Сіздер әйелдің өзін бағалауы (самооценка) мен өзін жақсы көруі ер адаммен қарым-қатынасқа әсер ететінін ойланып көргенсіз бе?

Көптеген әйелдер бұл өзара байланыстың өте тығыз екенін, қарым-қатынаста бақытты немесе керісінше үнемі проблемалар шақырып тұратынын, осы өзін өзі бағалауға байланысты екенін біле бермейді. Ендеше, мақаламызда өзін төмен бағалайтын, жоғары бағалайтын және қалыпты бағалайтын әйелдердің қарым-қатынасты қалай құратынын, өміріне қандай еркектерді тартып, соның кесірінен өмірінде туындайтын проблемалар туралы тарқатып көрейік. Бірінші өзін төмен бағалайтын әйелдерден бастап көрейік. Өкінішке қарай, мұндай санатқа жататын әйелдердің саны өте көп.


Сонымен, өзін төмен бағалайтын әйелдің портреті мынадай: көмек сұрауға қорқады, өзіне керектің бәрінен бас тартып, атша жұмыс істейді, бүтін колготкиді тек мейрамдарда ғана киеді, әдемі іш киімді төсек қатынасында ғана киеді.

Әдемі киім, жақсы крем, косметика ол үшін өте қымбат, одан да арзан киіне салайын, осы да болады деп жүре береді. Ал істеп жүрген жұмысы қызықсыз. Өзіне гүл сатып алу, СПА салонға бару – ол үшін босқа ақша шашумен тең, одан да үнемдейін деген ойда жүреді. Қымбат дүкендерді айналып өтеді, оған кіріп үстіне бір киім өлшеп көруге батылы жетпейді. Таксиге ақша үнемдеу үшін ауыр заттарды өзі көтеріп келеді.

«Жоқ» деп айтуға қорқады, адамдар не айтады деп ойлағандықтан, қоғамдық пікірге тәуелді. Жұртқа жаман, рақымсыз, ұқыпсыз көрініп қалмас үшін, өзгенің өтінішін орындауға әзір.
Немесе өзін төмен бағалайтын әйелдің екінші бір көрінісі: ақшасының бәрін көзге түсу үшін әдемі киімдерге жұмсайды. Аяқ киімі қажап, ыңғайсыздық келтірсе де, есесіне әдемі көрініп тұр әрі артық кем-кетіктері білінбейді.

Аяғын қажап ауыртқанын қоя берші, келесі айға дейін қара сумен, нанмен ғана қоректенсе де, сыртқа керемет болып көріну басты мақсаты! Ал енді осындай бағадағы әйелдер қарым-қатынасты қалай құрады және қандай еркектерді тартып, өміріне қандай проблемаларды шақырып алады?

Өзіне үнемдеп, «жоқ» деп айтуға қорқатын әйелдер көбіне мойнына отырып алатын еркектерді тартады. Себебі, ол еркек әйелдің «жоқ» деп айта алмайтынын әрі бәріне жақсы көрінгісі келетін әрекетін пайдаланады.

Мұндай әйелдер күндердің күнінде күшті, табысты бір АЗАМАТ пайда болады да оны құтқарып, өмірде жолы болмай қалған қарым-қатынасын ары қарай жалғастырады деп армандайды. Иә, ол әйел армандайды, сондай табыскер еркекті қалайды, бірақ әлгіндей еркектер жүрген жерге өзін төмен бағалайтын сезімі үшін ешуақытта ондай орындарға бармайды.
Тіпті табысты еркекті кездейсоқ кездестірген күнде де бәрін құртады, сасқалақтап аузына түскен сөзді айтады, ұялады, қысылып-қымтырылып, әлгі еркекті ақыры ұстап тұра алмайды. Сол себепті, «неудачник» еркекті қарық қылып, қарым-қатынасын жалғастыра береді, өйткені онымен оңай.

Өзін төмен санайтын әйелді алдап, арбау оңай, ол өзінің «жоқ» дей алмайтындығы үшін және махаббатқа қол жеткізу үшін барлық команданы орындай беретін болады. Мұндай әйелдер махаббатқа қол жеткізу үшін, оған еңбек сіңіру керек деген ойда жүреді. Сосын көп жақсылық жасаған сайын мені де бағалап, жақсы көре түседі деп ойлайды. Ал бұл қатты қателесу.

Енді бар ақшасын жаратып, денсаулығы мен жайлылықты құрбан етіп, әдемі көрінгісі келетіндерге тоқталайық.

Сіз маған қарсы шығып, өзіне көп ақша жаратқан адам өзін сүйеді дегіңіз келуі мүмкін. Өзіне жайсыз болса да шыдап бағатын мұндай әйелдерді де айта кетейін.
Өзін жақсы көретін әйел ешқашан аяқты қажайтын, ыңғайсыз аяқ киімді кимейді, ол өзін жақсы көргендіктен тек қана әдемі емес, аяғында жақсы тұратын ыңғайлы аяқ киімді сатып алады.

Ендеше, мұндай әйелдер «Барлық еркектерге менен тек қана бір-ақ нәрсе қажет», «Төсек қатынасынан кейін неге еркектер із-түзсіз жоғалып кетеді?» деп таңырқаумен болады және осындай проблемалардан көз ашпайды.

Біреу-міреу болсын, өзін осыдан көрген/білген шығар.

Мұндай бағадағы әйелдер еркекті секспен ұстауға тырысады. Ол ұнау үшін, сексуалды көріну үшін, өзінің бар сыртқы көрінісімен «Мені пайдаланып кет» дейтіндей киімдер сатып алады. Сосын еркектер мені пайдаланып, жоқ боп кетті деп ренжиді.

Неге бұлай? Ол неге өзіндегі жоқты сексуалды көрінгісі келіп толықтырумен әлек? Мүмкін ол расымен «сексуальная» шығар, бірақ жан-дүниесінің терең бір түкпіріне тығып тастаған.
Ал неге еркектер жоқ боп кетеді дегенге келсек, себебі оларға ол әйел қызық емес, ол еркектің кешігіп келгеніне, әдепсіз қалжыңдарына төзіп, еркектің жай ғана төсек қызығын көргісі келіп тұрғанын ажырата алмайды. Себебі, ол әйел үшін секс еркекті ұстап қалудың стратегиясы. Бірақ, бұл өте қате тұжырым.

Бәріміз де табыскер, толыққанды еркекті қалаймыз, бірақ көбіміз сондай еркекке өзіміздің де лайық болу керектігімізді ойлана бермейміз. Келесіде өзін тым асыра жоғары бағалайтын әйелдер мен олардың еркектермен қарым-қатынасы туралы айтатын боламыз.

Автор: Наташа Коринец
Аударған Жансая Сыдықбай

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған