Өзіңді алдауды қойып, дұрыс өмір сүре баста

Иа, біз өтірікті көп айтамыз. Өтрікті өзімізге айтамыз, басқаларға айтамыз, тіпті өтірік күнделікті өмір сүру стилімізге айналған. Ең сорақысы өзімізді алдауымыз.

Өмірде жолымыздың болмауы, қарым-қатынасымыздың тұрақты болмауы, үй-ішіміздегі ұрыс-керістің көп болуы, жұмысымыздағы сәтсіздіктеріміз бұлардың көбіне сол өтірік айтуымыз себеп болып жатады. Бірақ, сіз өзіңіздің өтірік айтып жақаныңызды байқамауыңыз мүмкін. Бір рет өзіңізге қай жерде қандай өтірік айтқаныңызды, өзіңізді алдағаныңызды есіңізге түсіріп, мойындаңызшы. Бұл кемшілікті мойындап, шындыққа тура қарап өтірік айтуды доғарып, шыншыл әрі саналы адам болуға көшейік. Өзіңді алдаудың қою үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз.

  1.  Біреуден мін іздеуді тоқтатыңыз, кемшілік сізден екенін мойындаңыз. Сол үшін мәселені анықтап, өзіңіз үшін бұл мәселеде өтірік айту қаншалықты маңызды ойланыңыз. Өтірік айтып уақытша жақсы адам болғанша, шындықты айтып жексұрын болған сіздің арыңызға жеңілірек болмақ.
  2. «Иа» не «жоқ» деп айтқыңыз келсе тура солай айтыңыз. Біреудің көңілінен шығам, біреуге жағам деп өзіңізге ұнамайтын нәрсені қолдамаңыз, істемеңіз. Көп адамдар шындықты ұнатады, әрі өзіңізге де жеңіл болмақ.
  3.  Өз ойыңыз бен істеріңізді жан-жақты ойлап барып іске кірісіңіз. Істеу бөлек, айтқан бөлек екенін ұмытпаңыз. Сол үшін нақты орындалатын, жасай алатын нәрсені ойлап, қиялдап, соған қол жеткізуге тырысыңыз. Әйтсе көп ойлап алып, қол жеткізбей қалып бірнәрсе істеуге деген ниетіңіз жойылып кетеді. Сол үшін өзіңізді алдамай, нақты не істей аласыз бағамдап алыңыз. Біреу сізге ештемені аспаннан бере салмайды, ұмытпаңыз.
  4.  Ертеңге қалдырмаңыз. Бүгін істеу керек нәрсені ертең істей саламын деп артқы ысырмаңыз. Өміріңізді дәл бүгіннен, дәл қазіргі сәттен өзгертуді қолға алыңыз.
  5.  Бастаған ісіңізді соңына жеткізіңіз. Өзіңіздің жеңілгеніңізді оңай мойындамаңыз. Уақытша тоқтап тағы бір ойланып алып қайта іске кірісіңіз. Бұл қиын іс менің қолымнан келмейді деп өз мүмкіндігіңізді алдамаңыз. Аздан бастап үйреніңіз, кейін уақыт өте келе көбейтіп отырыңыз.
  6.  Өз қорқыныштарыңызды жеңіңіз. Сіз қорыққан кезде жиі өтірік айтасыз, өтірік – бұл қорғаныс құралы. Сондықтан қорқа бермей, өзіңізге сеніп барынша шынайы болыңыз.
  7.  Өзіңіздің ішкі жан дүниеңізді тыңдап үйреніңіз. Кейде өтірікке бой алдырып алғанымыз сонша, өзіміздің не қалайтынымызды тыңдағымыз келмейді. Сондықтан да өзіңізді тыңдап үйреніңіз. Елдің сөзіне ере бермеңіз және адамдарға өз қалауыңызды уақытылы, жиі әрі анық айта біліңіз. Қорықпаңыз, сіздің қалауыңыз үшін ешкім сізді ұрыспайды, қайта өз пікірі, ойы бар адам ретінде сізге қарым-қатынасын өзгертеді.

Өзіміз көріп отырғандай, барлық нәрсе өз қолымызда. Ең алдымен өзіңізге шыншыл болыңыз, сонда айналаңызға да өтірік айтуды тоқтатасыз. Ең бірінші өзіңізді сыйлаңыз!

Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған