Өзіңді бағалап үйрену жолдары

Көп адамдардан сұрасаңыз көбі бақытсызбын деп ойлайды. Бақытты болу міндетті түрде бай болып, ақшалы болу, супер модельдей әдемі болу емес. Бақытты болу өзіңді бағалау. Бақытты өмір сүру үшін адамға өзін-өзі бағалау аса қажет. Себебі өзіңді қалай қабылдасаң, өзгелер де сені дәл солай қабылдайды.

Ең бірінші нәрсе өзіңізді бағалап үйреніңіз, мен ұсынатын мына 10 әдісті ойыңызда ұстап әрқашан қайталап, жасап жүріңіз:

  • 1. Мені жақсы көреді және мені уайымдайды. Өзіңізді ойша құшақтап, кейде шынымен де қолыңызды айқастыра қатты құшақтап алыңыз. Өзіңізге бақыт сыйлайтын сөздер айтыңыз.
  • 2. Өзім қалайтын өмірді оңай құра аламын. Мен қалағаныма қолымды жеткізе аламын, мен оған лайықпын. Осыны өзіңізге жиі қайталаңыз.
  • 3. Бәрі уақытшы, бұл да өтеді. Ештеңе мәңгі емес: қайғы да, қуаныш та. Дәл қазір өмір сүріңіз. Дәл қазір бақытты болыңыз.
  • 4. Әлемге өзімді сеніп тапсырдым. Ол сізді кез келген уақытта қолдайды. Өзіңізге ұнаған фразаны ішіңізден сан рет қайталаңыз.
  • 5. Өзімді жақсы сезінемін. Ең қиын сәтте де ең жақсыны көріп, ең жақсыны сезінуге болады. Бастысы күле біліңіз.
  • 6. Мен өз орнымда отырмын. Сіз бір жерде отырсаңыз, яғни солай болуы керек болған. Осыны қабылдаңыз. біреудің орнын тартып алдым деп ойламаңыз, сіз сол жерде отырсаңыз демек бұл сіздің жетістігіңіз.
  • 7. Өткенімді жіберіп, өзімді және өзгелерді кешіремін. Кешіре білу – адам өмірінде үлкен орын алатын шешім. Өзіңізді ойланбай жасаған әрекеттеріңіз үшін, жақындарыңыз бен қарсыластарыңызды өкпе-реніштерді ұмытып, кешіріңіз.
  • 8. Менің қалағаным менде бар. Мен жеткілікті әдемімін, мен ақылдымын, мен сабырлымын, мен өнерлімін. Осы фразаны кем дегенде үш рет қайталаңыз. Өзіңізге, өз күшіңізге сеніңіз.
  • 9. Әр істің қайыры бар. Бәрі жақсылыққа. Өткен іске ешқашан өкінбеңіз.
  • 10. Өзім қалайтын өмірді оңай құра аламын. Мен қалағаныма қолымды жеткізе аламын, мен оған лайықпын. Осыны өзіңізге жиі қайталаңыз.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған