Өзіңді менің орныма қойып көрші…

Егер де сізге осы сөзді яғни «Өзіңді менің орныма қойып көрші» десе, сөйлесіп отырған адамыңызды тойтарып тастаңыз. Ешқашан, ешқашан шағымданып отырған адамның орнында болуға тырысып, оның қиындықтарын көтерісуге, жанашырлық білдіруге т.б. тырыспаңыз.

Неге екенін түсіндіре кетейін. 

Сізге: «Ой, сен менің жағдайыма кіріп, орнымда болып көрші?» деп айтқан кезде не болмақ? Сіз басыңызды шұлғып, «Иә-иә, сені түсінемін, ой байғұс-ай, қап, иә-иә…» дерсіз.
Міне, осы кезде сіз оның барлық жиналып қалған «қоқыс» негативін өзіңізге тартып аласыз. Ол адам өзіндегі қоқыстан осындай жол арқылы тазарады. Сізбен әңгімелесіп болғаннан кейін ол адам рахаттанып, жеңілдеп қалады. Сергіп, жаңарып әрі қарай өмірін жалғастыра береді.

Ал сіз оның қалдырып кеткен бүкіл негативімен әуреге түсесіз, орысша айтқанда «#отрабатывать» етесіз.
Өйткені, ол өн бойына тұтас негативті жинап-жинап, энергетикалық қоқысын, ойын, әрекеттерін әкеліп сізге лақ еткізіп төкті де, жөніне кетті. Сіз болсаңыз босқа күйіп-пісіп қаласыз. Неге күйіп-пісесіз, себебі сіз оған келісім бердіңіз. Өзіңіздікі аздай, енді өзгенікін де қосып, қорытуыңыз керек.
Денсаулығыңыз нашарлай бастайды, ұсақ-түйек жайсыздықтар бола бастайды, келісіп қойған шаруаларыңыздың берекесі кетеді. Оған бола ешкімді кінәламаңыз, өйткені тыңдауға келісім берген өзіңіз.

#Не істеу қажет?
Егер сізге дәл әлгіндегідей шағым сөзін айта бастаса келіспестен бірден қарсы тұрыңыз. «Неге мен сенің орныңда болуым керек? Маған ол қажет емес, рахмет. Өз орныңда өзің бола қой. Сен бұл жағдайға өзіңнің жасаған әрекеттеріңнің нәтижесінде түсіп отырсың. Міне, енді істегеніңді мойныңмен көтер де өзің әуреге түс. Мен өз орнымда қала берейін, сенсіз де өз әурешілігім жетіп жатыр, сенікін қосып алатын жайым жоқ» деңіз.

👉Әлгі «шағымбек» не «шағымкүлге» турасын айтыңыз да, өз орнында өзінің қалуын түсінетіндей етіп жеткізіңіз🎯.

Егер сізге ренжіп, қарсыласа бастаса онда «өзіңде бәрі жақсы кезде орнымда болып көр деп айтар ма едің?» деп сұраңыз. Мысалы, премия алған кезде, пәтер сатып алса? Ол сізбен жақсы энергиясын, берекесін, қуанышын, игілігін бөлісер ме екен? Неге ол сізбен тек қана жаман негативін бөлісуге әзір?

#Міне, осылайша өзгенің негативін алмаудың жолын жасаңыз.
Өзіңізді де бақылаңыз. «Менің орнымда болып көрші» деген сөз арқылы өзіңіздегі жиналып қалған бүкіл қоқыс-негативті өзгеге артып, құтылуға тырыспаңыз. Әрине, бастапқыда жеңілдеп қалғандай күй кешесіз. Бірақ, оның соңы жақсылыққа апармайды. Күтпеген, ойламаған жерден ол «қулығыңыз» екі есе өзіңізге соққы болып қайтады.
Одан да саналы түрде өзіңіздегі негативтерді экологиялық жолмен қорытып, өзіңіздегі көңіл-күйді өзіңіз жақсартуға тырысыңыз.

☝️Кеңістікті (Вселенная) алдай алмайсың.

Аударған: #ЖансаяСЫДЫҚБАЙ

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған