Адам қаншаға келсе де, қандай дәрежеге жетсе де адамның өзіне деген сенімі өте маңызды нәрсе. Белгілі бір жетістікке жету үшін, бір қадам жасау үшін, тіпті адам болып өмір сүру үшін де адам бірінші өзіне сенуі керек. «Өзіңе қалай сенуге болады?» деген сұрақтың шешімін іздеп көрсек. Төмендегі тізімді ылғи жадыңызда ұстаңыз және кішкентай жетістікке іштей өзіңізді бір рет болсын мақтап қойыңыз. Адамды алға жетелейтін ұлы күш ол – өзіңе сену.

  1. Бірнәрсе мазаңызды алған өзімен-өзі шешіледі деп ойлау қателік. Жеңіңізді түйіп, сабырға сеніп іске кірісуге дайын болыңыз.
  2. Іске кірісу + шыдам + өзіңе деген сенім үлкен күш.
  3. Жеңістеріңізді тізімін жасаңыз.
  4. Амал жоқтықтан қолыңызды түсірмексіз бе? Өзіңіздің жеткен жеңістеріңіздің тізімін жасаңыз. Қиын сәттерде өзіңіздің жеңімпаз болған кездеріңізді, өзіңізді мақтан тұтқан кездеріңізді есіңізге түсіріңіз. Бұл сіздің өз мақсатыңыз жолыңызда мотивация болады.
  5. Өзіңізді сізге сенетін адамдармен қоршаңыз.
  6. Егер сіздің қасыңызда ылғи сізді кемісітіп отыратын адам болатын болса, сіздің қанат жайып ұшуыңыз екіталай. Өміріңізден ондай адамдарды алыстатуға тырысыңыз. Мақсаты, өмірлік ұстанымы сіздікімен бірдей, сізді қолдайтын адамдармен дос болыңыз.
  7. Өзіңізді қабылдаңыз.
  8. Өзіңізге сену үшін өзіңізді қалай болсаңыз солай қабылдаңыз. Өзіңіз жақсы көрмейтін нәрсені қабылдау мүмкін емес, сондықтан өзіңізді сүйіңіз. Өзіңізге деген құрметке ие болу үшін өзіңізді жақсы танып, өзіңізді сүйіп, өзіңізге адал болыңыз.
  9. Басқаша көз-қараспен қараңыз.
  10. Өз өкпе-реніштеріңіз бен орындалмаған ойларыңызға ғана көңіл аударуды қойыңыз. Оның орнына жаңа, қызықты нәрсеге көңіл аударыңыз. Осындай мүмкіндік берген тағдырыңызға рахмет айтыңыз.
  11. Әр қадам сайын жеңіс.
  12. Өзіңіздің нақты әрі қол жеткізе алатын мақсатыңызды анықтаңыз. Аздан бастап, әр қадам сайын жеңіске жетіп отырыңыз. Көп еленбейтін жеңістер болса да, құздан құлаған жеңілістен жақсы екенін ұмытпаңыз.
  13. Өзіңізді таныңыз. «Білім – ол күш» деп Френсис Бэкон айтпақшы, білім қашанда күшті. Егер сіз қиындықтарды жеңгіңіз келсе, осы жолда барлық жағымды-жағымсыз сәттерді есептеп біліңіз. Егер өзіңізді жеңе алмасаңыз онда бірінші өзіңізді танып біліңіз.
  14. Ағыспен бірге ағып жүре бермеңіз! Сізді өзіңізге деген сенімсіздік мазаласа – өзіңізді қолға алыңыз! Шыдамдылық және үзбей жұмыс жасау – жақсы нәтижеге қол жеткізеді!

Ал біз сізге тек сенімділік, жеңіс, табыс тілейміз!

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған