Өзінен ақша аяйытын әйел

Бүгінгі тақырып көптеген әйелдерге пайдалы болары анық. Себебі, әйелдер қауымының көбі «ақшаны өзінен аяйтын әйелдер» қатарына жатады. Себебі, отбасылы, бала болғасын әйел тапқанымыз үйіме, бала-шағама жетсін деп ойлайды. Бұл жаман қасиет емес, бірақ кейбір әйелдер өзіне қарауды, көңіл бөлуді мүлдем ұмытып кетеді. Әйел ең бірінші өзіне көңіл бөлуі керек, сонда ер адам ешқайда басын бұрмайды.

Мысалы, әйел кісі дүкенге барса, үйіне азық түлік, күйеуіне керек жабдық, балаларға тәтті алады. Ал өзіне бірдеңе алайын деген кезде бір мәселе туындап қалады, «әй қойшы, келесі жолы алармын» деп түк аламайды. Яғни, ол әйел күйеуіне, балаларына ақшаны аямайды да, өзіне келгенде ақшаға сараң болып қалады.

Немесе мынандай әйел кісілер болады, өзіне қымбат зат аламын деп дүкенге барған соң, ол жерде тағы ойланып, нәтижесінде ойындағы затты емес арзан дүниені ала салады.

Бұл жағдайды мен былай сипаттап берейін, сол әйелдің ішінде 2 адам бар, бірі сол қымбат затты өте қатты алғысы келеді, ал екіншісі «Ол затты алма, тым қымбат, лучше ақшаны үнемде» деп сараңдық танытып артқа тартады.

Ал енді өзіңізден сұраңызшы, сол қалған ақша кімге қалады? Күйеуіңізге, балаңызға, тағы басқасына, бірақ сізге емес, солай ма?

Бұндай әйелдердің қатарына ақшасы бар, бірақ ол өзіне ұнаған затын алып өзін өзі қуантпайтын, өзін еркелетпейтін әйелдерді де жатқызуға болады. Олар көп заттан сараңдық жасап өзінен аяйды.

Қыздар ақша үнемдеу жаман деп те айтпаймын, әрине бәріне жеткізу керек. Бірақ, олай қатты сараң болуға да болмайды.

Өзінен ақшаны аяйтын әйел:

  • өзін әйел екенін ұмыт қалдырады
  • оның жүзінен нұр емес, керісінше шаршап жүрген ұрысқақ әйелді көреміз
  • көбіне ондай әйелдерге ер адамдар қызықпайды, әрі оған ештеңе әпергісі келмейді
  • ондай әйелдер өмірге өкпелі келеді және самооценка төмен болады

Енді ойлаңызшы, сізге көңіл бөлмегеніне ренжисіз, сонда кім кінәлі? Қай жерден қате жібергеніңізді түсіндіңіз ба?

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған