Өзіңізге қандай энергияны тартып жүрсіз

Біз күніне бүкіл әлемге энергия жіберетін трансформаторлар сияқты жұмыс істейміз. Үздіксіз. Оянған сәттен бастап ұйқыға жатқанға дейін. Өмірімізде байқамастан нені бастан кешіп жатырмыз. Түрлі  оқиғаларды,  жұртты кінәлаймыз немесе өзімізді жай ғана жолы болғыш деп есептейміз.

Шын мәнінде, біз нені ойласақ, тап сол энергияны көбейтеміз, өзімізге қарай гравитациялық өріс қалыптастырамыз.

Өзіңізге қандай энергия түрін тартып жатқаныңызды түсіну үшін өміріңізде  нелердің көбейіп жатқанына мән беріп, қарап отыруыңыз қажет. Энергия алудың ең айқын әдісі: алғыс айту мен арыз айту. Иә, шүкіршіліктеріңізді көбейтесіз немесе шағымдарыңызды арттырасыз. Досыңызбен, жұбайыңызбен әңгімелеріңізді бақылап көріңіз немесе жеке қалған кезде не сөйлескеніңіздің төркінін қараңыз. Ең көп қандай сұхбат бар?

Өзіңіз туралы, өмір туралы қандай пікірлеріңіз бар? Үнемі негатив әңгіме айтып, өміріңіздегі әр келеңсіздіктер жайлы шағымданып жүресіз бе, әлде ірілі-ұсақ деместен  өміріңіздегі әрбір қуанышқа, сұлулыққа шүкір айтып, ризашылық танытып жүресіз бе?

Бұл әдісті өз өміріме енгізгелі бірнеше жылдың жүзі болды. Бір жағынан ойыма, әр айтқан сөзіме мән бере бастадым. Екінші жағынан,  айналамдағы адамдардың әңгімелеріне де мұқият назар аудара бастадым. Әдеттегідей кіл шағымдар, шағымдар, шағымдар. Уақыт жоқ, жағдай нашар, қоғам бұзылған, адамдардың ниеті бұзық, ортамыз жаман, өмір қиын т.с.с. Толып жатқан мәселелер. Жақсы, жаман нәрселер де бар, қиындықтар да бар.

Алайда, өміріңізде рақмет айтуға тұрарлық ештеңе жоқ па? Құдайға шүкір дейтіндей ешнәрсеңіз жоқ па? Өмірде қандай жағдай болмасын, шүкір айтып үйреніңізші.

Біз осындай қарапайым нәрселерді ескере бермейміз. Кейде әдейілеп бес уақыт намазы бар құрбыларымнан да сұрап көріп жатамын. Бүгін күніне қанша рет шүкір айттыңыз деп. Бір рет, екі рет деген жауап аламын. Кейде еш жауап ала алмаймын.

Қарапайым шүкір айту әдісін саналы түрде толық әрі тұрақты меңгерген уақытыңызда, өзіңіз де өміріңіздегі  жақсы өзгерістерді байқайсыз.

Алғыс айтып жаттығыңыз. Алдымен, шүкір ететін нәрселеріңізді бір қағазға тізіп жазып алыңыз.

Күн сайын осы тізімді оқып, еске алыңыз. Өміріңізде болып жатқан жағдайды еске алып,  тізімге бір шүкірден жаңасын енгізіп отырыңыз. Енгізіңіз де, шүкір айтуды көбейтіңіз.

Осылайша, шағымданудан арыласыз. Өзім де жасадым, көп пайдасын көрдім.

Егер сізде осындай әдет жоқ болса, бүгіннен бастау үшін таптырмас тамаша күн.

Жазира Ташматова

 Фото: i2.wp.com/channelingvsem.com

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған