«Қара жұма» дегеніміз не?

Сауда-саттық туралы сөз қозғалғанда жеңілдіктер мен түрлі науқандар басты тақырып болады. Осындай әлемдік танымал жеңілдіктердің бірі – Black Friday. Яғни, Қара жұма. АҚШ-та пайда болған бұл үрдіс соңғы жылдары әлемнің бұрыш-бұрышында кең таралып, тұтынушылардың асыға күтетін науқанына айналды.

Black Friday деп аталатын Қара Жұма күні АҚШ-тың 22 қарашада өтетін Алғыс күні (яғни Thanksgiving Day) мемлекеттік мерекесінен кейін алғашқы жұмада өткізілген сауда науқаны. Орасан жеңілдіктер өтетін Қара Жұма күні АҚШ-та дүкендер ерте ашылып, түнде кеш жабылады.

Онлайн сататын Amazon сияқты интернет компаниялар да АҚШ-тағы Black Friday күні үлкен жеңілдіктер жасайды. Қара жұма – Америка Құрама Штаттарында Рождество мерекесінің бастауы болып та есептеледі.

Бұл науқан, ең алғаш 1961 жылы Филадельфияда жұма күні өткізілген. Сол күні туындаған жолдағы кептелістер мен қаптаған қалың халық нөпіріне байланысты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұл күнді Қара Жұма деп жазып жариялады. Содан бері науқан осы атаумен өтіп келеді.

Қара жұма жеңілдіктерінің ашылуына дейін дүкендердің алдында ұзын-сонар кезек болады. Тұтынушылар тауарлар үшін ұрсып, өте агрессивті болуы мүмкін. Дисконттық акциялар кезінде Құрама Штаттарда жарақаттар мен өлім-жітім оқиғалары кездескен.

Қара жұма науқанының басты оқиғалары әдетте АҚШ-тағы жеңілдіктерде көп кездеседі. Рождестволық сыйлық алушылар осы жоғары дисконт акцияларын өткізіп алмау және дүкендердегі қалаған өнімін таусылып қалмай тұрып сатып алу үшін ағылып барады.

Қара жұмадағы жеңілдіктер бүкіл әлемге жайылған ғаламдық сауда шабуылына айналды. Америкалық интернет-дүкен Amazon сайты Black Friday науқанын Ұлыбританияға енгізген уақыттан бастап жеңілдіктер күні Еуропада да дәстүрге айналды.

Мексикадағы «Қара жұма» жеңілдігі «Жақсы демалыс» ретінде жүзеге асырылады және аптаның аяғы демалыс күндері дүкендер ұзақ уақыт бойы ашық тұрады.

Францияда «Қара жұма» тұжырымдамасы біртіндеп танымал болып келеді. Тұтынушылар 85%-ға дейін, әсіресе электрондық өнімдердегі жеңілдіктерге көп жүгінеді. Бұдан өзге, Франциядағы кейбір бөлшек саудагерлер 2016 жылдың қарашасында Франциядағы террорлық оқиғалардың салдарынан Қара жұманы XXL күн деп өзгертті.

Германияда Black Friday жеңілдік науқаны «Black Week» немесе «Black Shopping» деп аталады. Және бір аптаға созылады. Apple компаниясы 2006 жылы АҚШ-тағы алғашқы Black Friday науқанын ұйымдастырды. Елдегі бөлшек сауда зерттеу орталығының зерттеуіне сәйкес, немістер Black Friday-да 1,3 млрд қаржыға сауда жасаған.

Швейцарияда алғашқы Black Friday науқаны 2015 жылы ұйымдастырылды. Статистикаға сәйкес, 2017 жылы тұтынушылар 80 миллион швейцар франкін жұмсаған.
Соңғы жылдары Австралия мен Жаңа Зеландиядағы дүкендер «Қара жұма» науқандарын бастады. АҚШ-тың сатушылары мен Apple компаниясы «Қара жұма» тұжырымдамасын таралуына ықпал етті.

2010 жылдан бастап Black Friday рейтингісіне қатысатын елдер саны артып келеді. Норвегияда, Коста-Рикада, Испанияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Нидерландыда, Польшада, Оңтүстік Африкада, Австрияда, Панамада, Бельгияда науқандар тікелей Black Friday атымен ұйымдастырылады.

Қара Жұма тұжырымдамасы соңғы жылдары Түркияда да қарқынмен таныла бастады. Интернет-дүкендер, сондай-ақ дүкендер, сауда орталықтары да Black Friday жеңілдік науқандары ұйымдастырылып жүр. Мысалы, осы аптада Түркияда сауда орталықтарында 70-80 пайызға дейінгі төменгі бағада жеңілдіктер жүріп жатыр. Түркияда Жұма күнін, «қара» сөзімен байланыстырғанына қарсы халықтың реакциясына байланысты «аты аңызға айналған жеңілдіктер күні» атауы да пайдаланылып келеді.

Сонымен, біздің елімізде қай дүкендерде және қандай тауарларға жеңілдіктер болады?

1. «Технодом» гипермаркеттері мен интернет дүкендерінде тұрмыстық техникаларға;

2. «Sulpak», «Мечта» гипермаркеттері мен интернет дүкендерінде тұрмыстық техникаларға;

3. «ОBI» гипермаркеттері мен интернет дүкендерінде жеміс-жидектерден бастап, тұрмыстық техникаларға дейін, құрылыс материалдары мен үй гүлдеріне;

4. «WATCHSHOP.KZ» интернет дүкендерінде түрлі сағаттарға;

5. «MINIM.KZ» интернет дүкендерінде балаларға арналған тауарларға;

6. «Zara», «Mango», «H&M» және т.б танымал бренд дүкендерінде киім-кешектерге;

7. «Lamoda.kz» интернет дүкенінде киім-кешек пен аяқ киім, аксессуарларға;

@ЖазираТашматова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған