Қараөрік компотын қалай әзірлейді?

Қыстың қамын жазда ойла. Бүгін 16qyz қараөрік компотын даярлайды. Қара өрік өте дәмді, дәрумендерге бай пайдалы, әрі бағасы арзан тұратын жемістердің бірі.

Үш литрлік банкаға қара өрік компотын жабу үшін қажетті заттар:

Қант –1 стақан

Қараөрік – 400 гр

Су – 3 литр

1 қадам: Банкаңыз бен қақпағыңызды тазалап жуып, стерильдеп аласыз. Қысқа арнап қампот жабу үшін қараөріктің қатты, тіпті сәл шикілеу түрін алсаңыз жақсы. Оларды алдымен жуып аламыз.

2 қадам: Таза банканың жартысына жуық бөлігіне жемісіңізді салып, толтырасыз.

3 қадам: Ыдысқа су қайнатып, банкаға құямыз да, 15 минут қойып қоямыз. Сосын банкадағы суыңызды қайта ыдысқа төгіп, ішіне қажетті мөлшердегі қантыңызды салып, қайнатыңыз. Қант толық еріп кетуі керек. Қант сиробына айналған ыстық суыңызды қайтып банкаға құйыңыз да банканың аузын жақсылап жауып тастаңыз. (банкадан ту тамшылап тұрмағанына көз жеткізіңіз)

Қараөріктен дайындалған компот дайын! Банканы төңкеріп, күні бойына қойып қойыңыз да, кейін салқын, күн түспейтін жерге қойыңыз.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған