Қарым-қатынасты сақтау

Көп әйелдер күйелерімен қиын қарым-қатынас туралы жазады. Отбасылық өмірде көп нәрсе болады, кейде тіпті  «біз ары қарай қалай бірге өмір сүре аламыз?» деп сұрақ қоятын кездер болады. Егер мына 4 себеп сіздің қарым-қатынасыңызда болса, күйеуіңізді бағалаңыз, бұл қарым-қатынасты жалғауға, сақтауға тұрады дегім келеді.

  • 1. Сіздер бір-біріңізге сенесіздер. Қандай жағдай болмасын сіз оған, ол сізге сенетін болса бұл қарым-қатынастың болашағы зор. Себебі сіздер осы сенімге қол жеткізу үшін біраз кезеңіді бірге өткіздіңіздер. Егер уақытша тіл табыса алмай қалған болсаңыз, жәй ғана мәселені отырып ашық талылаңыздар, себебі сенім бар жерде мәселеде шешімін табады.
  • 2. Сіздердің бастапқы құндылықтарыңыз бірдей болса. Қаншалықты идеалды серіктес тапқан күннің өзіне қарама-қайшылықтар бәрібір болады. Егер сіздердің бастапқы құндылықтарыңыз бірдей болса, қалған қайшылықтар ешқандай қауыпты емес. Егер дінде, саясатта, қаржылай, білімде және сол сияқты салаларың ең құрмағанда біреуінде бірдей ойласаңыздар сіздердің қарым-қатынастарыңыз берік.
  • 3. Қиын сәттерде де бірі-біріңізден алыстамасаңыздар. Қандай қиын жағдай болсын сіздер бір-біріңізге қолдау көрсетіп, қасынан табыла білген болсаңыздар сіздер ешқашан ажырамайсыздар. Себебі адамның шынай бет-пердесі қиындықта білінеді және ең бастысы сіздер осы қиындықта бірігіп оны жеңе алғандарыңыз. Сіздер бір-біріңізге қашанда иық сүйей алатын тіреу бола аласыздар.
  • 4. Оның қасында өзіңізді еркін сезінсеңіз. Егер сіздің сүйіктіңіз сіздің барлық кемшіліктеріңізбен қабылдап, сізді қолдап жүрсе онда сіздер ары қарайда бірге бола аласыздар. Бірге дамып, бірге күресіп, жеңіске қол жеткізе аласыз. бастысы қандай жағдай болмасын ашық сөйлесе біліңіз.

Қарым-қатынастағы қиыншылық көбіне ашық сөйлеспеу мен түсінбеушіліктен туындайды. Сондықтан, алдымен өзіңізге сонан соң екінші жартыңызға адал болып, ойыңыздағы, жүрегіңіздегі ойларыңызды ашып айтыңыз. Қиналған сәттеріңіз бен сізді толғандырған сұрақтарды қоя біліңіз. Мүмкін, сіз қиын деген сұрақтардың жауабы сіз күткендей қиын болмауы мүмкін. Айырылысуға асықпау керек, араларыңызда бала болса бірінші сол баланы ойлау керек. Бірігіп ақылдасып шешімін іздесеңіздер, бәрінің шешімін табуға болады.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған