Мәскеуді бағындырған Равшана Куркова

Равшана Куркова – қазіргі кезде Ресейдің танымал актрисасы,  әрі моделі. Әке-шешесі атақты театр және кино әртістері. Равшана, «Остров ненужных людей», «А у нас во дворе», «Влюбленные женщины»сериалдары, «Нереальная любовь», «Без границ», «Что творят мужчины» фильмдері арқылы көрерменге жақсы таныс.

3 жасында әке-шешесі ажырасып кеткен, кейін әкесі Америкаға көшеді, ал анасы Мәскеуде. Шын есімі Равшоной Матчанова, анасының Равшан есімді бауыры дүниеден өткен соң қызына бауырының есімін қойған, ал Куркова деген Равшананың бірінші некесінен қалған тегі.

Туғаннан 16 жасқа дейін Ташкентте нағашы әжесінің тәрбиесінде болған, сұхбаттарында өзінің мәдениетті тұлға болып қалыптасуна әжесінің ықпалы көп болғанын айтады. Мысалы, теледидар көруге, телефонмен ұзақ сөйлесуге және көше кезуге рұқсат бермеген екен. Есесіне көп кітап оқып, білімге уақыт көп бөлген.

Өзінің айтуы бойынша, әжесі Ташкент қаласында өте танымал әйелдер дәрігері болған. Инстаграм желісіндегі парақшасында әжесін Фридамен салыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сұлулығының сыры неде» деген сұраққа әжесінің «сырт келбет жыл өткен сайын өзгереді, сондықтан әйелдің көп оқып, дамып, ізденгені жақсы» деген сөздерін айта отырып өзінің көп боянбайтынын бірақ күнделікті күтім жасайтынын айтады.

38 ге келсе де әлі жас қыздай көрінетін Равшананың күтімге арналған құралдары:

1. KohGenDo (aqua foundation) – фото және видео түсірілімге өте сайкелетін білінбейтін крем. 

2. Coola (spf 50, органикалық, өте жеңіл) күннен қорғайтын крем.

3. Laneige ерінге арналған түнгі маска.

4. Сыворотка-Антистресс BeautyLab Faberlic – терінің түсін қалыпқа келтіреді. Бетті жуып, тоникті пайдаланған соң түнгі крем жағар алдында пайдаланады.

5. Tom’s Luminous white – тіс пастасы.

6. Ұштанған шашты қалыпқа келтіретін LivingProof – Perfect hair Day.

7. Eliokap (Calmante lozione) – сезімтал құйқаға арналған лосьон, шаштың өсуіне ықпал етеді.

8. Milk (kush mascara) – тушь.

9. BeautyLab Faberlic бетке арналған Оттегі экспресс маскасы.

10. Ерін мен бетке арналған тинт – RougeCoco Chanel.

11. Caudalie қолға арналған крем.

«А у нас во дворе» телехикаясында Равшана Мәскеуге жұмыспен кетіп жоғалып кеткен күйеуін іздеп келетін өзбек келіншектің ролін сомдайды. Үш баланың анасы, өз елінде дәрігер болған ол Мәскеуде аула сыпырушы болып жұмысқа орналасады. Тұрақты жұмысынан бөлек өзі сыпыратын ауладағы тұрғындарға үй шаруасына көмектесіп те қосымша табыс табады. Тапқан табысын балаларына аударып, күйеуін іздеуге деп те ақша жинайды. Өзбекше сөйлеп, шаруадағы нағыз өзбек әйелінің ролін сомдауға әжесінің көмегі көп болады.

Бірінші некесіндегі жүктілігі сәтсіз болып дәрігердің кеңесі бойынша 5 айлық баласын жасанды түсік жасатқан. Екінші некеде жолдасы балалы болуды қаламаған. Бүгінгі таңда өмірден өз орнын тапқан Равшана басты арманы ана болу екенін жасырмайды.

Бірнеше брендтің моделі, елшісі. Көптеген ресейлік әншілердің клипіне түскен. 

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған