Роберт Кийосаки: Бай болуды мектепте үйретпейді

Неге байлар байи, ал кедейлер кедейлене түседі, орта тап болса қарыздан көз ашпайды? Бұл сұраққа жауапты әлемдегі танымал бизнес тренерлер мен әйгілі миллиардерлер өз кітаптарында жауап беруге тырысқан. Солардың бірі, отыздан астам бизнес кітаптардың авторы Роберт Кийосаки «Менің бай және кедей әкелерім» (Rich dad, poor dad) кітабында өзінше түсіндіреді. Ол «Ақша туралы ілімді мектепте емес, үйде үйретеді» дегенді айтады.

Америкалық жапон Роберт Кийосаки АҚШ-тың Маями штатында дүниеге келген. Ол өзінің туған әкесін кедей адам ретінде таныстырады. Негізі оның әкесі жақсы табыс табатын, білімді, мемлекеттік қызметкер болған. Алайда Р. Кийосаки әкесінің ойлау жүйесі кедей адамдікі болған еді деп еске алады. Оның туған әкесі дүниеден озғанда артынан төленбеген салық пен қыруар қарыз қалтырып кеткен. Аутордың пікірінше мұның басты себебі, әкесінің байларша ойлай алмағанының кесірі.

Роберт Кийосакидің екінші әкесі – өмірлік көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізген, рухани ұстазы, досының әкесі еді. Оның екінші әкесі Маямидегі ірі бизнесмен, жоғары білімі болмаса да еңбекқор, ақшаны басқаруды білетін, іскер адам. Ол да дүние салған. Марқұм жасы келіп, өмірден өтерінде Маямидегі өте ауқатты адамдардың бірі болды деп еске алады Р. Кийосаки.

Кийоскакидің бірінші әкесі көп оқуды, академиялық білім алып, ел қатарлы беделді мекемеде қызмет істегенді жөн деп есептейді. Ал екінші әкесі көбірек тәжірибеге сүйенгенді дұрыс санап, әр нәрседен хабарың бар болуы керек, бірақ өзіңе қажетті ілімді ғана меңгер, тәуелсіз қызмет ет деп үйретеді. Аутор өзінің екі әкесінен де көп нәрсені үйренгшенін айтады. Ол әкелерінің айтқан ақылын ескере отырып, өзі қорытынды шығарғанын айтады.

Аутор кітапта екі әкесінің жиі айтатын сөздерін, іс-әрекеттерін, мінез-құлықтарын мысалға келтіреді. Мысалы туған әкесі «Мұны сатып алуға мүмкіндігім жоқ» деген сөзді жиі айтса, екінші әкесі «Мұны қалай сатып алар екем?» деген сізді жиі айтқан екен. Бизнес тренерлердің көбі өз кітаптарында байлар өздеріне сұрақтар көп қоятындығын жазады. Олардың көбі «Енді не істеймін?», «Енді қалай істеймін?» деген іспетті сұрақтар қоятын көрінеді. Солай Р. Кийосаки да бірінші әкесінің сөзі адамды босаңсытады, ал екінші әкесінің сөзі ойлануды талап етеді дегенді айтады.

Аутордың бір әкесі «Жақсы оқысаң жақсы жерде жұмыс істейсің» деп ақыл айтса, екіншісі «Жақсы оқысаң үлкен компания сатып аласың» деп үйреткен екен.

Сондай-ақ ол байлар тәуекелшілдікті, батылдықты жақсы көретіндігін, ондай мінез байларға ғана тән екенін жазады.

Байлар ақшаға жұмыс істемейді

Р. Кийосаки байлар ақшаға жұмыс істемейді, олар ақша жасайды деп айтады.

Бұл сөзіне аутор өз тәжірибесінен бірнеше мысал келтіреді. Ол өзінің бала кезінде қорғасын ерітіп, қалай ақша жасамақ болғанын еске алып, кейін тиімді келісімшарттардың арқасында аз уақытта қалай қомақты ақша тапқандығын әңгімелейді.

Роберт Кийосакидің бай әкесінің айтуынша кедейлер мен орта тап өкілдері ақша үшін жұмыс істейді екен. Ал байлар ақшаны өзіне жұмыс істететін көрінеді.

Сондай-ақ оның пікірінше бай адам ақшаға салқынқанды қарайды, ал кедейлердің эмоциясы ақшаға байланған. Олар ақшасы болса қуанады, оны ұстап тастауға асығады, ал байлар ақшаларын көбейту үшін ғана жұмсайды. Р. Кийосаки ақшаны актив және пассив деп екіге бөледі. Ол өзіне пайда әкелмейтін дүние сатып алмауға тырысады. Ол үй, жиһаз, киім-кешек, тамақты табыс әкелмейтін, яғни пассив деп қарастырады. Ол денсаулығымды сақтау үшін пайдалы, жақсы тамақ жеймін, бірақ артық шығындалмаймын дейді.

Роберт Кийосакидің өзі жылжымайтын мүлік алып-сатумен айналысады, құнды қағаздармен жұмыс істейді және өзінің жеке баспасында өз кітаптарын шығарып, таратады. Сонымен қатар, бизнес-тренингтер өткізіп те ақша табады.

Ол үнемі ізденісте жүретінін айтады. Үнемі білімін жетілдіріп, жан-жақты болуға тырысып жүру арқылы қаржылық қорын сақтап тұрғанын жеткізген. Үнемі нарықты зерттеп, әлемде қандай өзгерістер болып жатқанын біліп отырмасаң банкрот болып қалуың әбден мүмкін дейді. Аутор қазір уақыт жылдам өтіп жатыр, әлемде барлық салада өзгерістер қарқынына лесу қиын болып кетті. Тіпті жаңадан құрылған шағын компанитялардың өздері бәленбай ғасырлық тарихы бар алпауыт компанияларды аз уақыттың ішінде басып озып, өте үлкен бәсеке тудырып жатқан жағдайлар көптеп кездесіп жатыр. Техника-технологиялар күн санап өзгеріп жатыр. Бұлардың бәрі бизнесмендерге келесі қадамын жасау үшін өте маңызды дейді.

Кийосаки өзінің есеп-қисапқа аса икемі жоқ екенін мойындайды. Бірақ егер өмір бойы бай болғыңыз келмесе, ең күрделі, әрі шатастыратын сала болып есептелетін бухгалтерияны меңгерген жөн дейді. Бірақ бизнесменнің өзі салық төлеуге асықпайтындығын айтады. Ең бірінші өз қажеттіліктерін өтейтін ол мемлекетке салықты ең соңынан төлейді екен. Егер мен өз қажеттілігімнен бұрын салық төлейтін болсам, менің өз қажеттілігім кейінге шегеріле беретін болады, сөйтіп мен өзіме қажет заттарды мүлдем алмауым мүмкін. Ал егер салықты соңынан төлейтін болсам, салық комитеті қашан салық төлейтінімді сұрап, мазамды алады да, сөйтіп мен салық төлейтін ақша іздей бастаймын. Бұл менің жаңа қаражат көздерін іздестіруіме түрткі болады деп психологитялық тұжырымдамасын айтты.

Неге байлар байи түседі?

Неге байлар байи түседі деген сұраққа Роберт Кийосаки олардың шығындары аз, табыстары көп деп түсіндіреді. Байлар ақшаны табыс әкелетін дүниеге салады, ал табыс әкелмейтін заттарды шығын деп қарастырып, мүлдем алмауға, тұтынбауға тырысады.

Кийосакидің пікірінше, 1. Байлар тек активтерді сатып алады (құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік…). 2. Кедейлерде шығын ғана бар (үй шығыны, салық, ипотека, кредит, киім-кешек, қыдыру, аксессуарлар, жиһаздар). 3. Орта тап өкілдері актив деп ойлап, пассив сатып алады (сіздің баспанаңыз бен көлігіңіз ешқашан актив бола алмайды!).

«McDonald’s»-тың бизнесі негізі гамбургер сату емес!

 «McDonald’s»-тың негізін салған бизнесмен Рэи Крок 1974 жылы бір топ студенттердің алдында сөз сөйлейді. Рэи Крок өз сөзін сөйлеп болғаннан кейін, үзіліс кезінде, студенттер оны өздері баратын дәмханаға шақырады.  Дәмханада отырған студенттерге Крок:

– «Сіздердің ойларыңызша мен қандай бизнеспен айналысамын»?- деп сұрайды. Сол кезде студенттер ду күледі. Қонақтың қайтара сұраған сауалына студенттердің бірі:

– «Рэи, сіз гамбургерлер сатасыз», -деп жауап береді.

Сол кезде Рэи Крок өзінің гамбургер бизнесі оның негізгі бизнесі емес екенін айтып:

-«Ханымдер мен мырзалар менің негізгі бизнесім жылжымайтын мүлік», -дейді. Оның бизнестегі негізгі мақсаты – франчайзинг – «McDonald’s» ресторандар желісінің сауда маркасын пайдалануға рұқсат беру. Бірақ, оның түп мақсаты, «McDonald’s» мейрамханалары орналасқан жер телімдерін иемдену. Себебі франшизаға ақша төлеп отарған компания мейрамхана орналасқан жер телімін қоса сатып алады, ал ол Рэидің меншігіне өтеді.

Бүгінде «McDonald’s» компаниясына тиесілі жер телімі бүткіл әлемде бар.

Барлық жерде көп ақша табуға мүмкіндіктер бар, тек оны көре білу керек

Роберт Кийосаки бизнес сізсіз де жүре беруі керек. Яғни ол бизнесті жүргізіп отыратын басшысы, қызметшісі болуы керек, бірақ сіздің қалтаңызға үнемі қаражат түсіп тұруы керек дейді. Егер мен ол жерде жұмыс істеп жүретін болсам, ол бизнес болып есептелмейді. Ол менің жұмысыма айналады дегенді жеткізеді.

Акция, облегация, табыс әкелетін жылжымайтын мүлік, вексель мен интеллектуалды меншікке сыйақы немесе бағасы өсетін, табыс әкелетін басқа да меншікті актив деп қарастырады.

Аутор бухгалтерлік білімді қаржы сауаттылығының негізі деп қарастырса, инвестиция – қалай ақшадан ақша құрауға болатындығы туралы ілім дейді. Ал нарықты түсіну – ұсыныс пен сұраныс туралы білім екенін тілге тиек етеді. Сондай-ақ жазушы заң мен салық кодексінен де білім жинағанның артықшылығы жоқ екендігін жеткізеді.

Р. Кийосаки барлық жерде көп ақша табуға мүмкіндіктер бар, тек оны көре білу керек екенін айтады. Сонымен бірге ақша табу қабілетіңді арттыр, өз өзіңі сенімді бол, ақылды адамдардың кеңесіне құлақ ас, байсалды шешім қабылда деген кеңестер береді. Миллиардер ақша үшін жұмыс істеме дегенді кітаптың әр жерінде айтады. Ең бастысы тәжірибе жина дейді аутор. Өзі айтқан кеңестердің еш бірін мектепте оқушыларға үйретпейді деп орта білім беру жүйесін сынға алады. Бірақ Р. Кийосаки ақшаның кілті білімде екеніне баса назар аударады.

Береген қолым – алаған

Жазушы кітабында баса назар аударған қасиеттер: Ақшаны басқару қабілеті, жүйені басқару мен адамдарды басқару қабілеттері.

Ал жетістікке жетуге не кедергі келтіреді деген сұраққа: Қорқыныш, өз күшіне сенбеу, жалқаулық, жаман әдет пен тәкәппарлықты тізіп жазыпты.

Сондай-ақ аутор тез машықтанғыш, үйреніп кеткіш болуға тырысыңыз. Себебі қазіргі заман жылдамдықты талап етеді дейді.

Жақсы адамдармен дос болуды баса назарға алған жазушы, жасампаз, ақылды, керек адамдармен араласуға кеңес береді. Ал ең маңыздысы ол – өз өзіңді тәрбиелей алу екені айтылады.

Кітапта жазылған ерекше ойлардың бірі: неғұрлым көп берсең соғұрлым көп аласың. Береген қолым – алаған дегенді аутор берік ұстанады екен. Р. Кийосакидің өз әкесі «Бірінші байып алайын, сосын басқаларға көмектесем» деген, алайда оның ақшасы ешқашан басқаларға көмектеспек түгілі өзіне жетпеген көрінеді. Екінші әкесі болса өмір бойы қайырымдылықпен айналысқан екен. Себебі ол «берсең ғана аласың» деген қағиданы ұстанған.

@Балжан Жеңісқызы

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған