Сайкл – фитнестің жаңа түрі

Сайкл (cycle) — арнайы велосипедтте орындалатын интенсивті кардио жаттығу түрі. Егер тез арада арықтап, дене бітіміңізді айқындағыңыз келсе сайкл сіз үшін таптырмайтын фитнесс-жаттығу. Құрылғы кәдімгі велосипед сияқты қозғалады, бірақ жүрмейді. Бұл жаттығу түрін ең алғаш америкалық велосипедші Джон Голдберг ойлап тапқан.

Сайклмен айналысу үшін міндетті түрде топ жасақталады және арнайы жаттықтырушы бөлінеді. Жаттықтырушы жаттығу кезінде ойдың бөлінбеуін, бәрі дұрыс жасалуын қадағалайды.

Артықшылықтары:

  • Сайкл өте интенсивті жаттығу түрі болғандықтан бір жаттығудан кейін сіз 500-700 калория жоғалтасыз. Фитнес сағатыңыз болса, нақты қанша калория жаққаныңызды бақылай аласыз.

  • Денеңізге түсетін күшті өзіңіз қадағалап отыра аласыз: жүру жылдамдығын арттыру арқылы, құрылғының қарсылық күшін көбейту арқылы.

  • Сайкл арқылы сіз жүрек-қан тамырлар жүйесін жақсартасыз және өзіңіздің төзімділік қасиеттіңізді арттыра аласыз.

  • Жаттығу ортасында іш пысу, жалығу дегендей жағдайлар болмайды, барынша жаттығуды бар қарқынмен істеуге дайын боласыз.

  • Сайкл, әйел адамдар үшін де, ер адамдар үшін де қолайлы жаттығу түрі. Күйеуіңізбен бірге баруға өте қолайлы.

  • Сайклмен бір аптада 3 рет 1 сағаттан ғана айналасасыз. Кез-келген спорт киіммен баруға болады, алайда өзіңізбен бірге міндетті түрде орамал, ішетін су алу керек.

  • Сайклмен айналыса бастағасын стресстен құтыласыз, себебі сайклда сіз тек велосипед теуіп қоймай жаттығулар орындайсыз, әрі ішіңіздегі негатив ойларды шығара аласыз.

  • Жаттығу көбіне жамбасқа бағытталғандықтан сан еттеріңіз тартылып, целюлиттер кетеді, әрі бөксеңіз әдемі қалыпқа түседі.

Кемшіліктері: 

  • Сайкл экстремалды спорт түріне жатады, сондықтан сайклға бармас бұрын, егер қандай да бір ауруларыңыз (варикоз, бүйрек аурулары, тізе аурулары) болса дәрігермен, не жаттықтырушымен кеңесіп алыңыз. Бір күн сайкл жаттығуға барып, өзіңізді сынап көріңіз.

  • Жаттығу аяқ буындары мен сіңірлеріне салмақ түсіреді, сондықтан алғашқы жаттығу аптасында қозғалу қиын болады, аяқтарыңыз ауырады.

  • Велосипедтің отырғышы қатты болғандықтан жамбастарыңыз ауырады, отырғышқа үйренгенше біраз уақыт өтеді. Арнайы отырғыш қаптарын алуға болады, бірақ ол толықтай қаттылықтан құтқара алмайды.

  • Жаттығу жасау барысында жаттықтырушының айтқанын толығымен орындаңыз, артық секіру, сақталмаған қауіпсіздік ережелері жарақатқа әкелуі мүмкін.

  • Жаттықтырушы бірінші аптада сізге жаттығудың жеңіл түрін береді, басқаларға ілесем деп артық күш жұмсап денеңізді ауыртып алуыңыз мүмкін, сондықтан жаттықтырушыны тыңдаған дұрыс.

@АйжанКульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған