Сәттілік үшін 5 мотивация:

Әлемде табысқа, танымалдыққа қол жеткізген адамдардан нақты 5 кеңес. Оқыңыз, ойланыңыз. Мүмкін сізге аз ғана нәрсе жетпей жүрген шығар.

  • 1. Қорқынышсыз өмір сүре бастаңыз. Қорқыныш – адам өміріндегі ең сәтсіз нәрсенің бірі. Бірақ, қорқынышыңызды жеңсеңіз, сіз күтпеген жетістіктер сізді күтіп тұратынын ойлаңыз. Батыл болыңыз, себебі Ғалам батылдарды жақсы көреді. Өз төсегіңде қорқып жатқанша, тұрып іске кіріс. Сіздің қорқынышыңыздың артында ең жақсы нәрсе жасырылып тұр деп ойлаңыз.
  • 2. Шағым айтуды доғар. Осы күн сенің соңғы күнің болса сен не істер едің, сен сол сәттен бастап басқаша ойлай бастар едің. Сен жаман жұмысыңды не басқаны ойлауды доғарып басқа нәрсеге көңіл бөле бастадың. Неге күнде солай ойлай бастамасқа? Көңілсіз, болмайтын ойларға уақытың мен күшіңді жұмсағанша, әлемге басқаша көз қараспен қара. Әлем берген мүмкіндікті пайдалан, қуан, жұмыс жаса, барынша бақытты бол!
  • 3. Өз өміріңізді құр өткізіп алмаңыз. Өзіңізге ұнайтын нәрсені табыңыз, ұнайтын жұмысты жасаңыз. Мысалы, жұмысқа ақша үшін емес өзіңізге ұнағаннан, өзіңіз жақсы көргеннен барыңыз. Өзіңізге ұнаған нәрсемен айналысыңыз. Бірден бірінші жұмыста керемет болады, өзіңізге ұнауы мүмкін демеймін, бірақ іздеуден жалықпаңыз.
  • 4. Өз мақсатыңызды нақты біліңіз. Өз мақсатыңыз анық кезінде сіз өз потенциалыңызды толықтай пайдалана аласыз, алдыңыздағы кедергіні қиналмай айналып өте аласыз. Сондықтан, міндетті түрде мақсат қойып соған қарай жүріңіз. Бұл мақсатта қанша жүргеніңізді, қанша күш жұмсағаныңызды есептемеңіз бастысы қорытынды екенін ұмытпаңыз. Өзіңіздің неге қол жеткізгеніңізді қарап, енді не істеу керектігін анықтап алыңыз. Мақсаты бар адам ешқашан адаспайды. Мақсат деген бір ізбен жүру емес, бірақ түбі сол жерде болу.
  • 5. Рахаттанып өмір сүріңіз. Жұмыстан басқа да қызықтарды көріңіз, біліңіз, дәмін татыңыз. Өзіңіз басқа нәрсеге қызығушылық таныттыңыз ба, еш ойланбастан оны да көріңіз. Неге бәрінің дәмін білмеске, себебі біз өмірге бір рет қана келеміз. Сондықтан, барынша рахаттанып өмір сүріңіз. Қыдырыңыз, саяхаттаңыз, адамдармен араласыңыз, билеңіз, ән салыңыз, әр түрлі тағам жеңіз.

Осы 5 мотивация өмірлік ұстанымыңызға айналсын, уақыт өте келе өміріңіз бен көз-қарасыңыз өзгере бастайды.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған