Саяхат жасаған кезде керек емес 5 нәрсе

Саяхатқа жиналып жатырсыз ба? Онда басты мәселенің бірі – шабадан жинау екенін жақсы білетін шығарсыз. Бірақ, біз шабадан жинаған осы екен деп, оны керек емес заттармен толтырып аламыз. Біріншіден, бұл көтеріп жүруге өте ауыр, екіншіден артық жүк қосымша ақыны талап етуі мүмкін. Сонымен, саяхат жасаған кезде керек емес 5 нәрсенің тізімін ұсынамыз:

1. Биік өкшелі және тым жай табан аяқ киім

Біз барлығы керек болар деп, кейде саяхатқа 4-5 аяқ киім алып аламыз. Алдымен сіз қайда бара жатқаныңызды ойлаңыз. Жағалау, теңіз болса биік өкшелі аяқ киімді қайтесіз? Ыңғайлы аяқ киім мен тау-тас аралағанға кроссовка не кроксы алыңыз. Көп жағдайда тек осылар ғана қажет болып жатады.

2. Кешкі қыдыруға арналған киімдер

Тым әдемі, тым қымбат, ерекше сәнделген көйлектерді алмағаныңыз дұрыс. Жеңіл, әдемі, ыңғайлы деген бір көйлек сізге жетеді. Кешкі қыдырысқа күнде барсаңыз да сол көйлегіңіз бәріне үйлесе кетеді.

3. Косметика
Бетіңізге ауыр косметикадан демалуға мүмкіндік беріңіз. Қарапайым крем мен тень, тушь, жай бір ғана далап алсаңыз жетеді. Күнге қыздырынуға арналған кремдерді алып алыңыз.

4. Гигиена және дене күтіміне арналған заттар 

Шашыңыз аса бір қатты күтімге бейімделген болмаса маска, кондиционер, шампунь сияқты толып жатқан заттарды арқалаудың қажеті шамалы. Себебі, барлық гигена заттарын кез келген қонақ үйден табасыз. Сонымен қоса фен алудың да қажеті жоқ.

5. Кітаптар 

Біріншіден өте ауыр, екіншіден сіз белсенді демалыс кезінде оны оқитын уақытыңыз болмауы мүмкін. Ең дұрысы смартфоныңызға өзіңізге қызықты кітаптарды жүктеп алыңыз. Аудио кітаптар болса тіпті жақсы. Сізге бізден бонус, Шантарам кітабын мына жерден тыңдаңыз.

Сонымен, өзіңізбен бірге не алу керек?

  • Құжаттар мен ақша. Барлық құжаттарды түпнұсқа түрінде, көшірме түрінде және электронды түрде жасап алыңыз.
  • Ақшаңызды көбіне картада сақтаған дұрыс, қолма-қол ақшаңызды азырақ алып жүріңіз.
  • Бара жатқан еліңіз бен өзіңіз түсінетін тілдегі кішкентай бір сөздік алып алыңыз.
  • Бас киім. Ыстық жерге баратын болсаңыз міндетті түрде бас киім мен қара көзілдірік алыңыз.
  • Ең қажетті аз-маз дәрілер (аспирин, левомицетин, анальгин, антигриппин, парацетамол),  лейкопластырлер;
  • Гигиена заттары: әйелдерге – төсемелер, тампондар, ерлерге – бритва, антиперспирант, салфеткалар, тарақ.
  • Power bank 10 мың. мАч жоғары және құлаққап, USB шнур.
  • Онлайн карталарды телефоныңызға қондырып алыңыз, қажетті ауданды қиналмай табуға көмектеседі.
  • Кішкентай 1-2 сувенир, барған еліңізде біреуге естелікке беруге болады.
  • Ине-жіп.

Қаңтар мен ақпан елдерінде қайда баруға болады?

Қаңтар-ақпан айларында визасыз БАӘ, Тайланд, Хайнань аралы, Египет, Вьетнам елдеріне барып демалуға болады.

@АйжанКульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған