Секс кезінде бәрінің «жынына» тиетін 10 жағдай

Қарым-қатынаста серігіңді құрметтеп сыйламау және эгоизм – махаббат қатынасын нағыз тозаққа айналдыратын қадам. Ол жыныстық қатынас кезінде көрініс тапса, одан бетер өрши түспек. Сонымен, бүгін секс кезінде бәрінің «жынына» тиетін 10 жағдайға тоқтала кетуді жөн көрдік.

1. Жаныңыздағы серігіңіз оргазмнен кейін бірден тұра қашады

Секс – бұл марафон емес және қақпаның бір жағына ғана доп салатын ойын түріне жатпайды. Әрине, төсекте екеудің біреуі тез бітіріп қоюы мүмкін, бірақ бұл тез құтылу не қор етіп ұйықтап қала салуды білдірмейді. Әрдайым арасында тынығып алып, қасыңыздағы серігіңізді аймалауды жалғастырып, қайтадан күш жиған соң «майданға» кірісуге болады. Болмаса басқаша әдіспен істі соңына дейін жеткізіңіз. Жақындасқаннан соң өзіңнің шаруаңды бітіріп алып, жатып қалу – эгоизм ғана емес, дөрекілік.

2. Жұбыңыз оральды секспен құтылғысы келсе

Міндетті түрде «сорғызу» деген заң жоқ. Бірақ жазылмаған заңдылық бар: сексте беру де, алу да қажет және бергенде де бар ынты-шынтыңмен жаса. Егер жұбыңыз минет немесе куннилингус жасағысы келмесе және оны «бұл гениталия жиіркенішті» дейтін болса, онда оның да оральды аймаласудан дәмесі болмай-ақ қойсын.

3. Серігіңіз сақтанудан бас тартса

Сіз оның жақсы адам екенін, мүшеқапсыз секстің күшті болатынын білесіз. Бірақ аяқ астынан ауырып немесе ата-ана болып қалғыңыз келмейді. Мұндай жағдайда ұзақ дауласқанша серігіңізге есікті көрсете салғаныңыз жөн.

4. Қажетсіз сезімдер туындаған кезде

Қанша жерден «бұл жай ғана секс» десеңіз де, ең шынайы прагматиктің өзі оргазмнен кейін махаббат сияқты тәтті бір күйді бастан кешеді. Нәтижесінде, жай ғана көңіл көтеруден басталған қатынастың өзі күрделі, ауыртпалыққа алып келеді. Бұл ашуыңызға тие ме? Әрине.

5. Серігіңізді күлкі қысса

Адамның ағзасы түрлі трюктер жасап, дыбыстар шығаруға бейім. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ал осындай табиғи сәтті екеудің бірі дұрыс қабылдай алмай күлкіге айналдырса, бұл сіздің әрине қытығыңызға тиеді. Төсекте бірге күлу адамдарды біріктіреді, жаңа эскперимент жасауға итермелейді, бірақ мұндай қадамдар сіздің салмақты адам екеніңізді көрсетпейді.

6. Серігіңіз төсектен тоят алғандай кейіп танытады

Сіз біріншіден электр үстелінде отырған адамның оргазм алып жатпағанын бірден білгеніңіз сияқты, қолдан жасаған өтірік оргазм да көзге баттиып көрініп тұрады. Ондай арзан қойылым жасаудың қажеті жоқ. Екіншіден, ондай талантты имитацияңыз ұзаққа бармай, бір күні бүйіріңізден шығады. Төсекте өзіңізді керемет алып сезінсеңіз де, шынайы адамға тап болсаңыз сіздің өтірігіңіздің күлін көкке шығарып, ол өз бағасын өсіріп алуы мүмкін.

7. Тазалық туралы ойлана бермейтін жұбыңыз

Жаттығудан шығып, тер сасып тұрған кезіңізде ғана аяқ астынан секспен айналысуға болады. Бірақ әрдайым емес. Шайынып шығу соншалықты қиын шаруа емес, оның үстіне денеңізді сүйіктіңіз аймалағалы тұр.

8. Серігіңіздің порнодағы қателіктерді қайталауы

Мынау поза шынында да ыңғайсыз, төсек қатынасында адамдар қызынып кетпейді екен, сулап кіргізу аздық етеді екен т. б. Порнодан көрген кейбір «аңыздарға» серігіңіздің сенуі жыныңызға тие бастайды, ойыңызға «қалай бұл тек қана сексті тамашалаған, бірақ айналысып көрмеген» деген сұрақтар келе бастайды.

9. Серігіңіз сіз қаламайтын нәрсені «байқаусызда» жасап қоюы

Ешкім де анальды секске немесе БДСМ-сессияларына «байқаусызда» бармайды. Кейбір ұнамайтын жайттарды алдын ала айтып қою керек. Бұл жерде ақталуға жол жоқ.

10. Серігіңіз төсектегі жайтты көрмейді және естімейді

Жақсы серіктес сізге не ұнайтынын түсінуге тырысады. Ал нашар көңілдес сіздің жақтырмай тұрған түріңізге де, сөзіңізге де қарамайды. Тәжірибе мен төсектегі алғырлық барлығында бірдей емес, десе де адам баласы тырысса бәрі де болады. Ал сыңарыңыздың қалауына атүсті қарасаңыз, ең керемет деген романтикалық кездесудің өзінің шырқын бұзасыз.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған