Шаш ұзындығына қарап мінез анықтау

Шаштың ұзындығы мен мінез бір-бірімен тығыз байланысты. Әйел адамның белгілі бір шаш үлгісін таңдауы онда оның ішкі әлемінен хабар береді. Төрт түрлі ұзындықтықтағы шаш үлгісіне қарап әйелдердің төрт типін қарап көрейік. Сіздікі қандай? Жаза отырыңыз. Имидж түбегейлі өзгерту әйел адамның ішкі өзгерісін білдіреді.

1) Өте қысқа шаш

Қысқа, ер балалардыкындей шаш үлгісі – тәуелсіздіктің белгісі. Бұндай шаш үлгісін, өзіне нық сенімді әйелдер ғана қояды. Энергиясы көп, мықты, жарқын жүзді, өмірден не қалайтындарын білетін, әрқашан экспериментке дайын әйелдер. Қысқа шашты әйелдер көбіне бастық болып келеді, адамдарды жаулап алу ерекшелігі адамдарды басқаруға мүмкіндік береді. Көп ерекектер қысқа шашты әйелдерді ұната бермейді. Бір жағы бұл әйелдердің сексуалдығы төмен деп ойласа, бір жағы «стерва» әйел деп ойлайды.

2)Орташа ұзындық

Бұндай шаш үлгісін нағыз әйелдер қояды, үйлесімді, көңгіш, ақылды, қажет болса бәрінің көңілін табатын, қажет болса өз дегенін жасататын әйелдер. Қарсы жыныстылардың үлкен сұранысына ие. Бірақ, мұндай әйелдерді басқару оңай емес, себебі ол өз басымен ойлап өзі шешім қабылдайды. Оны алдап тұрғаныңды бірден аңғарады. Бобо және каре шаш үлгісі – іскерлікті, сенімді әрі мақсатына жететін әйелдерге тән.

3) Иықтан сәл түсетін ұзындық

Өмір бақи еркелігі тарқамаған ерке қыз. Албырт, сезімтал, кейде тым нәзік. Бұндай әйелдерді қорғағың кеп тұрады. Бұндай әйелдер психолог боп келеді, адамдарды бірден түсінеді. Оның ішкі әлемінен шыққан жылулық барлық адамды өзіне тартады. Бұндай әйелдер өзіне ғашық ете алады және сүйе алады, сондықтан бұл қыздардан жақсы әйел шығады. Бұл әйелдер көбіне көп қырлы боп келеді, сондықтан кіммен болса да тез тіл табысады.

4) Ұзын шаштар

Ұзын шашты әйелдер өте қауіпті. Олардың ішкі түйсігі қатты дамыған, олар өте зерек келеді сондықтан да олар адамдардың жаман пиғылын бірден сезіп қояды. Бұл әйелдер өте ақылды және басқаруды ұнатады. Бұлардың басты кемшілігі шектен тыс турашылдықтары. Өте сүйкімді болып келгендіктен, көп асыра сілтеушілік қасиеттерін ер адамдар жиі кешіреді. Бұл әйелдерге әрқашан сенуге болады және олар шындықты қатты ұнатады.

Сіз айтылған мінездемен келісесіз бе? Сіздің шашыңыздың ұзындығы қандай?

Аударған Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған