Шаштың түсуі, құрамының өзгеруі ағзадағы өзгерістердің белгісі

Жиі бояу, шаш кептіретін, бұйралайтын, үтіктейтін т.б. термо құралдарды пайдалану біздің шашымызға орасан зор зиян келтіреді. Уақыт өте келе олар құрғап, жіңішкеріп, ал ұштары қиыла бастайды. Үй жағдайында шашты қалпына келтіру және оларға табиғи сұлулығын қайтару көбіміздің қол жеткізгіміз келетін мақсатымыз.

Зақымдалған шашты қалпына келтіру үшін арнайы өнімдер қажет.  Мұндай өнімдер ылғалдандырады және шашты нәрлендіреді. Сусабынды шашты қалыпқа келтіру құралы деп қарастырмаймыз, өйткені оның басты міндеті шашты сапалы тазалау. Сондықтан түрлі бальзам, маска мен майлар – шашты қалпына келтірудің ең жақсы құралдары және олар әр брендте бар. Шашыңыз жылдам қалыпқа келеді деп ойламаңыз, процесс бірнеше айға созылуы мүмкін. Сондықтан қолданатын құралдардың құрамымен танысып алыңыз, құрамында силиконы бар өнімдер тек визуалды әсер береді.

Шашты қалпына келтіру үшін маскалар қолданыңыз, олар проблеманы шешудің ең көп таралған құралы. Құрамында жожоба майы, бидай дәні, ши немесе майсана майы сияқты табиғи майлардың сығындысы бар өнімдер қолданыңыз. Сондай-ақ құрамында пантенол, ақуыз және амин қышқылдарының болуына назар аударыңыз. Шашты қалпына келтіру үшін аптасына 2-3 рет маска жасау керек.

Майлы маскалар құрғақ шашты қалпына келтіруге көмектеседі, өйткені олар жақсы ылғалдандырады және шаш құрылымын реттейді. Кокос, ошаған, майсана және зәйтүн майын жағып көріңіз – оларды дәріханадан, сондай-ақ белгілі брендтердің өнімдерінен табуға болады. Негізгі өнімге иланг-иланг, ладан немесе жасмин эфир майының бірнеше тамшысын қосуға болады. Шаштың барлық ұзындығына майды жағып полиэтиленмен орап, сыртынан жылы сүлгі орап тастаңыз. Егер шаштың ұшы ғана зақымдалған болса, бас жуғаннан кейін шаштың тек ұшына май жағып қойыңыз.

Шашты жиі жууға  машықтаныңыз, күнделікті қолданғанға ағаш тарақ алыңыз. Ұзақ мерзімге фен, қысқыштар және өзге де сәндеу құралдарын пайдаланбауға тура келеді. Шашыңызды күннің көзіне кептірмеңіз, күннің астында шашты қорғайтын бас киім кигеніңіз дұрыс.

Кей жағдайда шаштың түсуі, құрамының өзгеруі ағзадағы өзгерістердің айнасы болып жатады. Сондықтан шаштың тек сыртынан емдеп қана қоймай, дәрігермен кеңесіп дәрумендермен ағзадағы өзгерістерді реттеуге болады.

#Мақпал Шайхистамова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған