Шетелде тегін оқуға шақыратын 5 мемлекет

Нидерланды Үкіметі стипендиясы

Дедлайн: 1 мамыр 2019

Holland Scholarship стипендиясын ұйымдастырушылар — Нидерланды мемлекетінің білім, ғылым және мәдениет министрлігі мен мемлекеттік университтер. Стипендия Еуропалық экономикалық аймаққа кірмейтін Нидерланд елінде магистр мен бакалавр дәрежесін алғысы келетін шет ел студенттеріне беріледі.

Стипендияға кіретіндер:

Бірінші жыл оқу ақысы 5000 €  төленеді. Грант тек бірінші жылы ғана бір рет қана беріледі.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

— ЕЭА кірмейтін шет ел азаматы болу;

— Нидерланд жоғарғы оқу орындарына бакалавр не магистратура программасына оқуға түсуі керек;

— Студенттер Нидерланды университеттерінің  стипендиясына ие болмауы керек;

Толығырақ мұнда.

 

Румыния Үкіметі стипендиясы

Дедлайн: 15 наурыз 2019

Румыния Үкіметі Румынияда білім алғысы келетін 85 студентке стипендия ұсынады. Стипендия бакалавр, магистратура, аспирантура студенттеріне беріледі.

Білім алу салалары: саяси және ұйымдастыру ғылымдары, румыниялық мәдениет пен өркениет, журналистика, техника ғылымдары, мұнай және газ, ауыл шаруашылық, ветеринарлық медицина, архитектура, визуалды өнер.

Білім алу тек румын тілінде жүреді. Егер студент румын тілін білмесе 1 жыл тіл курсын оқуға болады.

Стипендияға кіретіндер:

— оқу ақысының толық төленуі;

— студенттік жатақханада тегін тұру;

— ай сайынғы стипендия: бакалавриат студенттеріне — ай сайын 65 €, магистратура студенттеріне — ай сайын 75 €, аспирантура студенттеріне —  айына 85 €;

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

— шет ел азаматтары, ЕО пен Румыния елінің азаматтары болмауы керек;

— жақсы оқу;

— магистр мен бакалавр студенттері 35 жасқа дейін, аспирантура студенттері 45 жасқа дейін;

Толығырақ мында.

 

Түркия Үкіметі стипендиясы

Дедлайн: 20 ақпан 2019

Түркия мемлекеті барлық білім алушы шет ел азаматтарына мүмкіндік береді. Студенттер бакалавр, магистратура, аспирантура дәрежесінде білім ала алады.

Стипендияға кіретіндер:

— оқу ақысы;

— жатын орын ақысы;

— айлық стипендия: бакалавриат студенттеріне — ай сайын 700 лир, магистратура студенттеріне — ай сайын 950 лир, аспирантура студенттеріне—  айына 1400 лир, ғылыми зерттеушілерге – 3000 лир;

— түрік тілін үйрену бір жылдық ақысы;

— медициналық сақтандыру ақысы;

— жол шығындары;

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Бакалаврға түскісі келетіндер 01.01.1998 жылдан кейін туылғандар. Магистратураға түскісі келетіндер 01.01.1989 жылдан кейін туылғандар. Аспирантураға түскісі келетіндер 01.01.1984 жылдан кейін туылғандар. Ғылыми зерттеушілер 01.01.1974 жылдан кейін туылғандар.

— жақсы медициналық көрсеткіш

— білім алушылар сәйкесінше аттестат, диплом дәрежесіне сай болуы керек

— Түркия мемлекетінің азаматтары стипендияға ие бола алмайды

— Түркияда білім алған студенттер келесі дәрежені алу үшін стипендияға қатыса алады.

Толығырақ мында.

 

Қытай Үкіметі стипендиясы

Дедлайн: 15 наурыз 2019

Chinese University Program –  шет ел азаматтарына Қытай университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін программасы. Магистратура мен аспирантурада білім алу ағылшын және қытай тілінде іске асады. Білім алушылар тіл үйренуді 1 жылға ала алады, стипендия бір жылға қосылады.

Стипендияға кіретіндер:

— оқу ақысы;

— жатын орын ақысы немесе жатын орын субсидиясы беріледі: магистранттарға — айына  700 CNY, аспиранттарға — айына 1000 CNY.

— айлық стипендия: магистратура студенттеріне — ай сайын 3000 CNY, аспирантура студенттеріне—  айына 3500 CNY

— медициналық сақтандыру

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

— шет ел азаматтары

— өтініш берген уақытта студент басқа Қытай университетінің студенті болмауы керек, егер бір университетін бітірген болса тек 1 жылдан кейін қайта өтініш бере алады

— білім алушылар сәйкесінше диплом дәрежесіне сай болуы керек және жасы  35-ке толмаған болуы керек

Толығырақ мында.

 

Индонезия Үкіметінің стипендиясы

Дедлайн: 1 наурыз 2019

Индонезия Үкіметі шет ел азаматтарына Индонезияның әр қаласында орналасқан 59 университетінде білім алу мүмкіндігін ұсынады. 650 студент Darmasiswa Scholarship стипендиясына ие бола алады.

Білім алу салалары:  индонезия тілін үйрену, мәдениет және өнерді үйрену. Стипендия 12 ай бойы төленеді.

— оқу ақысы

— жатын орын ақысы

— айлық стипендия

— Индонезия ішіндегі жол шығындары

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

— мектепті бітіргені туралы құжат

— жас аралығы 17-35 жас

— ағылшын және индонезия тілін жақсы білу керек

— жақсы медициналық көрсеткіш

— отбасылық жағдайы: үйленбеген және тұрмыста болмаған

— білім алғысы келетін сала бойынша базалық білімі болу міндетті

Толығырақ мында.

Арнайы 16qyz.kz сайты үшін Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған