Соңғы Шыршалар

27 желтоқсан күні жаңа жылдық көңіл сыйлайтын тағы бір комедия прокатқа шығады. «Соңғы Шыршалар» (Ёлки Последние) фильмі Тимур Бекмамбетовтың танымал «Шыршалар» франшизасының соңғы бөлімі саналады.

Киноальманахқа бес жаңажылдық оқиға кіреді: ақшақар жалғыз басты қарияны құтқарады; тюмендік хипстер дядя Юраға ғашығына ұсыныс айтуды үйретеді; Борис досы Женяның Якутскіге қайтармау үшін бәріне барады; пермдік спортшылар сұлу қыздың күлімдегенін көру үшін қаланы астаң-кестең қылады; ал Воронежде тұратын қарапайым тұрғын актер Комаровскиймен кездесу үшін астанаға аттанады.

«Соңғы Шыршалар» алдыңғы  бөлімдерімен салыстырғанда әсерлі, жақсылық пен таңқаларлық жайттарға толы. Себебі, сегіз жылдан бері өзімізбен таныс, туыс болып қалған кейіпкерлер көрермендерімен қоштасады. Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан фильм сізге барынша отбасылық махаббатты, жылылықты, қамқорлықты сезінуге көмектеседі. Жаңа жылдық демалыс кезінде отбасыңызбен барып фильмді тамашалап, көңіл – күйіңізді көтеріп қайтсаңыз болады.

Фильмнің идеясы әр түрлі адамдардың өмірінен хабар беру. Әр адамның өмірінің, сезімінің, отбасының маңыздылығын анық көрсетіп, солармен бірге қарапайым адамдардың бақытын сезінуге болады. Актерлардың шынайы ойыны, сізді сол қарапайым адамдардың қатарынан екеніңізді ұмыттырып жібереді.

Фильмнің басты тақырыбы мейірімділік болғандықтан да, бізге мейірімді болу жолында, өз туыстарымыз бен ғашықтарымызға керемет көңіл күй сыйлауда, отбасының алдындағы міндетіңді дұрыс атқаруға, махаббатымызды аямауға шақырады. Кейбір сәттерде мейірімділіктен көзіңе жас келеді, фильмнен шыққан сәтте туысыңа хабарласып, сүйіктіңе смс хабарлама жазғың кеп кетеді. Әсерлі, әдемі, күлкілі.

Дәл жаңа жылдың өзі сияқты мейірімді. Көріңіздер, мейіріміділікпен бөлісіңіздер! Жаңа жылдық ертегіге сенейік!

Арнайы 16qyz.kz сайты үшін Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған