Стриптиз билеушілер

12 қыркүйектен бастап Қазақстандық кинотеатрларда Дженнифер Лопес басты рөлді сомдаған «Стриптизерши» фильмінің көрсетілімі басталады. Фильм 18+ екенін есіңізге саламыз және оны сақтау кинотеатрларда қатаң бақылауда.

«Стриптизерши» фильмі режиссёр Лорин Скафаридің алғашқы туындысы. Фильм өмірде болған оқиғаға құралған, 2007-2014 жылдардың арасында үлкен көлемде адамдардың ақшасын ұрлаған стриптиз билеушілер туралы журналистың мақаласымен түсірілген. Фильмде танымал әнші-актриса Дженнифер Лопезпен бірге әнші Лиззо мен рэп әнші Карди Би түсті. Осы фильмге түсу үшін Джей Ло пилонда билеуді бірнеше ай бойы үйренген. Ал Карди Би үшін бұл қиын болмаған, себебі ол бұрын стриптиз билеуші ретінде танымал болған. Фильмде әншілерден басқа Лили Рейнхарт, Джулия Стайлз, Констанс Ву актрисалар басты рөлді сомдаған.

Элиталы стриптиз-клубтың биші қыздарына келетіндердің көбісі – атақты бизнесмендер. Бір күні банк дағдарысы болып, қыздардың бүкіл жинағы күлге айналады. Құрбылар биржа өкілдерінен кек алмақ болады. Олар өздерінің табыс көзін ойлап тауып, отбасын бағуға тырысады.

Автордың пікірі: Фильм  маған ұнады. Кино сізді біраз уақытқа түнгі клубтар әлеміне енгізіп жібереді, Джей Лоның әдемі биі мен фигурасының әдемілігне таң қалдырады. Фильм стриптиз билеушілері туралы болғанымен, фильмнің әйелдер туралы екенін олардың тағдырлары туралы екенін ұмытпау керек. Фильмде әйелдердің аналық мейірімі, достығы, мейірімі және ақша билеген қоғамда қалай да бірігіп ақша тауып өмір сүруге деген қажеттіліктерін көрсетеді. Олар алдау арқылы ақша тапса да, әйелдердің бір-біріне деген достығын, өздеріне деген сенімін көрсетеді. Берер бағам 8/10.

Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған