Сүйіктіңмен айрылысқаннан кейінгі 6 қадам

Қарым-қатынас аяқталған сәтте көрпені бүркеп алып, орныңнан тұрмастан сүйікті музыкаларыңды тыңдап, одан сайын қайғырып, айрылысқан жігітіңнің әлеуметтік желілерде бөліскен суреттеріне қарап бүкіл уақытыңды өткізсең де болады. Мұңайып, жылау қанша жерден қалыпты жағдай болса да бұл ары кетсе бір аптаға ғана созылуы керек, бір айға емес. Міне осы себептен айрылысудың қайғысын жеңіп шығу үшін (тіпті бұрынғыдан өзіңді жақсырақ сезіну үшін) мынадай керемет 6 тәсілді ұсынбақпыз.

1. Үйден шық

Ең жақын деген достарың саған көмектесеміз десе, оларға мүмкіндік бер. Олармен бірге шопинг немесе кинотеатрға бар. Бастан өткізіп жатқан сезіміңді ұмыттыратын, ойыңнан шығаруға көмектесетін не бар болса соны жаса. Әрине бастапқыда сенің жаның ештеңе жасағысы келмеуі мүмкін, бірақ тым құрығанда тырысу қол қусырып отырғаннан әлдеқайда жақсы.

2. Әлеуметтік желілерге үзіліс бер

Айрылысқан жігітті әлеуметтік желілерде достар қатарынан өшіріп тастауға дейін бармасаң да болады. Алайда, интернетті күні бойы ашып қойып, оның не жасап жүргенін қадағалап отыру жараңа тұз сепкендей болады. Оның орнына белгілі бір уақыт әлеуметтік желілерді қолданбай қоя тұр. Осылайша шынайы өмірге деген көзқарасың да біршама өзгеріп қалады.

3. Аздап флирт жасауда тұрған ештеңе жоқ

Бірге араласатын ортаңда сымбатты жігіт болса өзің сәлемдесіп әңгіме бастаудың еш айыбы жоқ. Дәл қазір жаңа қарым-қатынасқа дайын болмауың, әрине түсінікті жағдай, бірақ қарсы жыныстағы адаммен достық қарым-қатынас құруда тұрған ештеңе жоқ.

4. Сезіміңді әркімге ақтара берме

Егер ішіңдегіні айтып, жеңілдеп алу қажет болса анаңмен, әжеңмен не болмаса әлемнің басқа түкпірінде отырған құрбыңмен сөйлесіп, жеңілдеп алсаң болады. Бірақ айрылысқаның туралы егжей-тегжейлі әңгімелерді араласатын жақын ортаңмен бөліспе. Жақын ортақ достарың екеуіңнің араңда қалып кеткендей күй кешпесін. Сонымен қатар, сендердің мәселелерің басқа достарыңмен қарым-қатынасқа әсерін тигізуіне жол бермей, бір даналық көрсеткендей боласың.

5. Өзіңнің не қалайтыныңды оған ашық айт

Айрылысқаннан кейін дос болып қалайық деп айту әрине оңай. Бірақ егер шын мәнінде саған бәрін ойлап, саралап алуың үшін біраз уақыт қажет болса, оны оған ашық айт. Егер сен шынайы болсаң, келешекте шынымен де дос ретінде қарым-қатынас сақтап қалуға деген мүмкіндік жоғары болады. Ал егер ол уақытқа мұқтаж болса, сен де оның шешіміне құрметпен қара.

6. Жүрегіңді тыңда

Бірден өзгенің құшағына ен демейміз. Дәл қазір толықтай өзіңе көңіл бөлетін керемет сәт туып тұр. Оқып жүрген оқуыңда жоғары нәтижеге қол жеткізгің келе ме, жұмысыңда белгілі бір жетістікке жеткің келе ме? Қанша уақыттан бері сән туралы блог жүргізу ойыңда жүр ме? Жүрегің дәл қазір немен айналысуды қалайды, соны жасаудың қолайлы уақыты келіп тұрғанын өз пайдаңа жарат.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған