Сүйіп тұрып сүйгенін тастап кетуге итермелейтін 3 себеп:

Ер адам сізден кеткен кез өте жаман, басты сұрақ не себепті? Себебін анықтау мақсатында көп уақыт жұмсауыңыз мүмкін. Бұл ойлар сізді шатастырып, басқа қарым-қатынасқа жол ашпайды. Көп әйелдер еркектер жауапкершіліктен қашып кетті деп ойлайды, бірақ, басқа себеп тек сізге байланысты болуы мүмкін. Басты 3 себеп мыналар:

1. Сіз оны бағаламайсыз.

Ғашық ер адам сүйіктісінің көңілін табу үшін бәрін жасайды, бірақ кейбір әйелдерге бұның өзі аз болуы мүмкін. Егер сіз күйеуіңізді ылғи қажыта берсеңіз, оның кемшіліктеріне баса берсеңіз ол өзінің еңбегінің бағаланбағанына көңілі түсе бастайды. Жәй ғана «рахмет» деген сөз емес, оның бар жасаған жақсылығын жан дүниеңізбен бағалауыңыз керек, арасында еңбегіне сай мақтап қоюуыңыз керек. Егер еркек: «Мен сенің көңіліңді таба алмаймын, сенің ештемеге көңіл толмайды» деп айтқан болса, бұл оның кетуінің ең бірінші себебі. Егер осындай әңгіме орын алған болса, өз кінәңізді түсіне беріңіз.

2. Сіз оның анасына айналдыңыз. 

Сіз оған не істеу керек екенін айта бастаған сәттен, сіз оның мамасына айналдыңыз. Сіз оны басып жатсыз, оның бар мәселесін шешіп, оның бар қарыздарын төлеп жатсаңыз оның мамасы болып алғаныңызды түсініңіз. Бірақ, бұл мәселе оған ұнауы мүмкін және ол оны өз мақсатына пайдалануы мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда араларыңыздағы сексуалды қарым-қатынас сөне бастайды. Соңында ол өзін еркек сезінетін, баласы жасамайтын әйел іздей бастайды.

3. Ол инфантил.

Ол әлі бала сияқты, ол әйелін, балаларын, тіпті елін қорғауда жауапкершілік сезінбейді, сондықтан қандайда бір мәселе пайда болғанда ол ойланбастан бәрін тастап кете алады. Оны тек өзіне сол сәтте ләззат сыйлайтын, сол сәтте жақсы болатын жерлер ғана қызықтырады.

Бұл тек басты себептері,еркектер ғашық кезінде сіз үшін бәріне барады. Егер ол сіздің сезіміңізді сыйламай сізді бірінші қиындықта сізді тастап кетсе ол сіздің адамыңыз емес. Оны жіберіңіз, ұмытыңыз. Құр босқа өзіңізді де өзгені де қинамаңыз.

Сіз қалай ойласыз? Тағы қандай себептер бар?

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған