Табысты болмауыңыздың 10 себебі

1. Сіз уақытыңызды қадірлемейсіз

Табысқа жеткен адамдар ақшадан бұрын уақытты жоғары бағалайды. Ал сіз уақытыңызды қалай өткізіп жүрсіз? Қанша жерден жоспар құрып, жаңа өмір бастауға талпынғаныңызбен, соны орындауға уақыт бөле алмасаңыз – ештеңе өзгермейді. Өз уақытыңызды басқарып үйреніңіз, қажетсіз нәрсеге «жоқ» деп айтуды үйреніңіз – табысты адамның бірінші ережесі осы.

2. Мақсаттарыңызға сай келетін әрекеттерді жасамайсыз

Мақсаттарыңызды жазыңыз және оған жетудің стратегиясын құрыңыз. Бұл күшіңізді нақты неге жұмсау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

3. Жауапкершіліктен қашасыз

Орташа бағаны қанағат тұтпаңыз, әрдайым үздік болуға ұмтылыңыз. Ол үшін жатпай-тұрмай жұмыс істеу емес, кейде жай ғана сапалы, мінсіз жұмыс істеу жеткілікті. Өмірдің басты қағидаларының бірі — не ексең соны орасың.

4. Сіз өз-өзіңізді шектейсіз

«Тіл үйрену маған өте қиын», «Есепке жоқпын», «Миым мұндайды қабылдай алмайды», «Кәсіпкерлікпен айналысатындай мінез жоқ» — мұның бәрі бейбақ адамдардың сөзі. Олар өз-өздерін шектейді. «Білімім жетпейді», «мен оны оқымадым ғой» дегендерді ұмытыңыз. Елдің бәрі сізден ақылдырақ деуді доғарыңыз. Ерінбей еңбек етіп, барынша тырысыңыз. Бәрі адамның өз қолында!

5. Өзіңізді ақтап алудың шеберісіз

Жолы болмайтын адамдар бірдеңені істемеу үшін себеп пен сылату іздеп табады. «Реалист болу» дегенді асырып жібереді. Оның орнына оны істеп көру керек. Миыңыз өзін ақтап алуға айла іздей бастағанда оны тоқтатып, әрекет етуге ынталандыратын механизмді ояту керек.

6. Сіз адамдармен қарым-қатынас жасай алмайсыз

«Мінезім осындай, қандай болсам, солай қабылда» — мұндай сөздерді тек бейбақ адамдар айтады. Жолы болмаған адамдар өздерін негізсіз тәкаппар ұстайды. Бұдан аулақ болыңыз. Алдыңызға қандай адам келмесін барынша сыпайы, салмақты, бір деңгейде сөйлесіңіз.

7. Сіз бәрін кейінге қалдырасыз

Егер сіз тағы бір өміріңіз бар сияқты өмір сүрсеңіз – ештеңеге жетпейсіз. Әр күн – бұл сый. Ештеңені ертеңге қалдырмаңыз – ертеңгі күн тумауы да мүмкін.

8. Сіз әрекет етпейсіз

Бейбақтар әңгіме айту, армандау, жоспар құрудан шебер болып келеді. Оларға әрекет етуге түрткі жетіспей тұрады. Армандауды доғарып іске кірісу керек!

9. Сіз қиындықтармен күресе алмайсыз

Сынақтар бізді мақсатымызға жақындатып қана қоймай, арманымыздағы адам болуға септігін тигізеді. Үрейлеріңізден қорықпаңыз, олармен күресіңіз. Бұл сізге жаңа белестерді ашады. Күшіңізді сынау үшін айқасып көру керек.

10. Сізге барлығына бәрібір

Сіздің өз пікіріңіз жоқ және сіз шешім қабылдай алмайсыз. Мағыналы сөздер айтылып жатқан әңгімені өрбіте алмайсыз, сіз түсінбейтін тақырыпта ойыңызды ашық айта алмайсыз. Жолы болмайтын адамдар мектептен кейін кітап оқымайды, білімін жетілдірмейді. Барлығы не істесе соны жасап жүреді, себебі «жұрттың бәрі солай жасап жатыр». Олар қуаныш пен ғажайыптарға толы өмірде де іші пысып жүреді.

Ештеңеге зауқың болмау – бұл сәтсіздікке апарар жол. Бірдеңеге қызығып, сонымен айналысыңыз. Тіпті бұл үшін сізге ақы төлемесе де. Әзірше. Дарыныңызды байқап, соларды дұрыс пайдаланудың амалын табыңыз.

@Анар Мұстафина

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған