Табысты болу үшін үйренуіміз тиіс ең маңызды сөз

Жоқ. Ұзын сөздің қысқасы, жоқ. Табысқа жету үшін керек кезде “Жоқ” деп айтуды үйрену керек, яғни ЖОҚ деңіз болды. 

Қызық бір тәсіл емес пе? “Иә” сияқты оң жауаптың орнына,  “Жоқ” сияқты теріс бір сөзді айтып үйрену керек. Әсіресе, бұл сөзді айту көңілжықпас біздің қоғамымыз үшін өте қиын түсінік. Өзіңіз ойлап көріңіз, “Мына жерді білесіз бе?” деп сұрайсыз. Бізде білмеймін деген түсінік жоқ. Жоқ деп айта алмайсыз. Әйтеуір бір сипаттап түсіндіресіз.

Егер ол әсіресе, бір бағыт бойынша сұраған турист болса…

Қиналмаңыз. Егер сіз білмесеңіз, білмеймін деп айтыңыз. Турист сұраса одан да оңайырақ. “No”

Иә, жоқ деп айтуды үйренуіміз керек. Тек қана мекенжайды сұрағандарға ғана емес. Өмірде кездескен көп нәрсеге. Өйткені, табысқа жетуде тек бір нәрсеге назар аударып  үйрену керек. Мұны алғаш рет бір  конференцияда естідім. 1997 жылы Apple компаниясының ұйымдастырған конференциясына дүниенің төрт бұрышынан жиналған зиялы қауым, бағдарламашылар, кодты әзірлеушілер бар, барлығы сахнадағы Стив Джобстың сұрақтарын қойып жатты. Әлгі танымал Стив Джобс.  Бірақ бүгінгідей  аты аңызға әлі айналмаған. IPod, iPhone сияқты өнімдер жоқ ол кезде. Шын мәнінде, Стив Джобс өзі құрған  компаниядан қуылған сәті. Дегенмен, ең ақылды ми мен озық эгоның иелері ең күрделі деген мәселелерді сұраудан еш тартынбайды. «Жығылғанға жұдырық»  дегендей сұрақтардың легі толастар емес. Міне, сондай сұрақ қоюшы типтің бірі мынадай сұрақ қояды:

Құрметті Джобс мырза! Сіз болашағы жарқын және ықпалды адамға ұқсайсыз, кейде сен не туралы айтқаныңды білмейсің. OpenDoc сияқты нәрсе болды, оның жағдайы қандай болды?

Тікелей аударма емес, стилін сәл асырып айттым, бірақ осы мазмұндас. Mealen компаниясының OpenDoc деп аталатын бағдарлама өнімі болды және Стив Джобс оны жоқ етті. Осыған ашуланған бұл дос та осындай мәселені сұрау арқылы көпшілік алдында қорлағысы келді. Шын мәнінде, оның сұрағаны да өте жақсы болды. Себебі Стив Джобстың жауабы презентация мен риторикалық  дәріс сияқты және бизнес әлемі үшін үлкен сабақ болды. Кез келген жастағы студент кез келген адам осы жауаптан бірдеңе ала алады. Өйткені, ол жалпы назар аударудың маңыздылығына ден қойды. Фокустауға, назарды шоғырландыруға мүмкіндік беру үшін сізге кейбір нәрселерден бас тарту керек. Ол былай дейді:

Адамдар, назар аударудың шын мәнінде назар аударғысы келетін нәрселерге «иә» дегенді білдіреді деп ойлайды. Бұл шын мәнінде «иә»  дегенді білдірмейді. 100 жақсы идеяны жоққа шығару дегенді білдіреді. Сіз не істеу керектігіңізді мұқият таңдауыңыз керек. Мен жасаған нәрселеріммен қатар, жасамаған нәрселерімізді де мақтан тұтамын. Жаңашылдық – 1000 нәрсеге «жоқ»  деп айту.

Кейбір пікірлер жақсы идея сияқты көрінсе де, жоқ деп айтуға батылдық қажет. Мен мұны Стив Джобсқа ұқсап, іскерлік қызметте табысқа жету үшін деп айтпаймын. Бұл біздің кішкентай өмірімізде де жарамды принцип.

Қазір мына мақаланы оқып отырып  басқа  не істермен айналысып отырсыз? Ойыңызда не бар? Телефон шұқылап отырсаңыз, WhatsApp хабарламаларын, Instagram ескертулерін көрдіңіз бе? Күні бойына қандай қызықты ұсыныс бар екенін ойланып көріңіз және олар сізді қаншалықты қызықтырады?

Шындығы сол, барлығы сіздің назарыңызды аудару үшін тыраштанып жатқан бір әлем. Ол сіздің назар аудару күшіңізді еміп, сорып өзіне тартуға тырысып жатыр.  Алайда,  сіздің қуатыңыз шектеулі. Өмірде жасағыңыз келетін нәрселер үшін ғана жеткілікті.

Тағы да сізді  парадоксальді жағдайға ұшыраттым. Мен де сіздің назарыңызды аударғым келеді. Сондықтан сізге қажет болса, соның ішінде менің жазбаларым да бар, егер ол сізге пайдасы болмаса, осы тартымды ұсыныстарды “жоқ” деп айтуды үйреніңіз. Көрейік, себебі әлеуметтік психолог Сюзан Ньюманның айтуынша, бұл үйренуге тиіс дағды. Тіпті осы  дәрігердің  айтуынша “жоқ”  деп айта алмауымыз біздің кінәміз емес. Балалар бұл сөзді туған сәттен бастап қолданады. Кейде олар жоқ деп айтқан сәттерінде жазаланып та жатады.

Яғни біз, “иә” мәдениетінде өмір сүріп жатырмыз. Дегенмен, тарихқа көз жүгірткенде, кейбір нәрселерге “жоқ” деп айтуды білетіндердің  адамзатты ілгерілеткенін білеміз. Өйткені, иә деп айту оңай. Қысқа мерзімді шешімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді мақсаттарға қажет болса, жоқ деп айтуға болады. Өзің үшін де. Мысалға, сіздің алғыңыз келетін, жасағыңыз  келетін көп нәрсе бар. Санаңызда: “иә, сіз оны сатып алуыңыз керек”, “иә, сіз оны істеуіңіз керек” мыңдаған дауысты естисіз. Ал, бір ғана әлсіз дауыс іштен тартынып  сөйлейді: Жоқ, дәл қазір сізге оның қажеті жоқ, алмаңыз, жасамаңыз”. Мінекей дәл осы дауысқа дыбыс күшейткішті жалғап, дауысын барынша шығарыңыз.

Өзіңізге жоқ деп айтып үйренгеннен кейін, басқаларға да жоқ деп айтуды үйренуіңіз. Сыпайы болма демеймін. Жоқ деп айтпас бұрын, оның жолдарын үйреніңіз. Сіз мұны жасай аласыз. Есіңізде болсын, біз сіз үшін «иә» дегенді өзіңіз үшін маңызды нәрселерге айтыңыз дейміз. Пауло Коэльо айтқандай, егер сіз басқаларға «иә» деп айтатын болсаңыз, өзіңіз үшін «жоқ» деп айтпағаныңызға көз жеткізіңіз. Дегенмен, біреу сізден бірдеңе қаласа, «жоқ» деп айту ыңғайсыздық тудыратын болса: «Қазір мен басқа нәрсемен айналысып жатырмын, бұл мен үшін маңызды емес» немесе қысқаша жоқ, жоқ жоқ! Азап шектірме маған…

Үшіншіден, бауырларыңыз бен балаңыздан бастап басқаларына да жоқ деп айтуды үйретіңіз. Балалық шақтағы барлық жаман әдеттер балалардың достарына жоқ деп айта алмау дағдысынан шығады. “Ал, бұл темекіні шегіп көр” дегенде сіздің балаңыз немесе бауырыңыз сенімде түрде жоқ деп жауап бере білуі керек.

Енді осыны қайталайық. Алдымен өзіңе жоқ деп айтып үйрен. Кейін  басқаларына жоқ деп айтуды үйреніңіз. Ең соңында, барлығына жоқ деп айтуды үйретіңіз.

Барыш Өзжан

Түрікшеден аударған  Жазира Ташматова

Фото: lifehacks.io

Facebook Пікір

1 thought on “Табысты болу үшін үйренуіміз тиіс ең маңызды сөз

  1. Мақала авторы да, аудармашы да не туралы айтып отырғанын білмейді! Есіңізде болсын, жоқ деген сөз сізге Алланың тарапынан берілетін несібені шектейді! Егер Алланың несібесінен қағылу сізге ұнайтын болса, онда айта беріңіз жоқ деген сөзді.
    P.S.Түсінбедім, сайт неге мұндай негативті мақаланы жариялады екен,әлде креатив деген осы деп ойлады ма?!
    Админге менің пікірім ұнамай қалады-ау, көрейік, қаншалықты пікірге ашықтығын…

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған