Танысу кезінде жігітке қалай ұнауға болады?

Кез-келген қыз жігітпен танысу алдында қобалжитыны рас. Бірінші рет көріп, жаңадан танысқан жігітке қалай ұнауға болады?

  • Кездесу алдында сыртқы келбетіңізді ретке келтіріңіз, сәнденіңіз. Бірақ, тым артық боянудың қажеті жоқ. Барынша қарапайым макияж жасаңыз, бастысы өзіңізге жарасып, сіздің табиғи сұлулығыңызды айқындай түссін.
  • Киіміңіз жабықтау, таза әрі өзіңізге қонымды болғаны дұрыс, парфюмерияны тым артық қолданбаңыз.
  • Отырған кезде барынша тік отырыңыз, қисайып не басыңызды тіреп отырмаңыз. Өзіңізді еркін ұстаңыз.
  • Күліңіз, жымиыңыз. Қарқылдап бар дауыспен күлмеңіз, жай ғана жымиып, шынайы күлімдеңіз.
  • Қолдарыңызды бақылаңыз. Сөйлесу кезінде қолыңызды көп сілтеп сөйлемеңіз. Қолыңызды кеудеңізге айқастырып қоймауға тырысыңыз, әрі қолыңызға тыныштық беріңіз.
  • Сағатыңызға не смартфоныңызға қарай бермеңіз, телефонмен тек аса қажеттілік болмаса сөйлеспеуге тырысыңыз, әйтпесе сөйлесуші сізді асығып отыр не құтыла алмай отыр деп ойлап қалуы мүмкін.  Соткаңыздағы хабарламаларға жылдам жауап беру арқылы өзіңіздің танымалдығыңызды не жұмыс басты екеніңізді көрсетем деп тырыспаңыз, жігіттерге ондай әрекеттер ұнамайды. Ең дұрысы соткаңызды сумкаңызға сап қойыңыз.
  • Көзіне тіке қараудан қашпаңыз. Бұл сіздің өзіңізге сенімсіздігіңізді көрсетеді.  Сондай-ақ, қараған осы екен деп тесіліп қарап қалмаңыз. 15-20 секунд көз алмасқаннан кейін жымиып жанарыңызды басқа жаққа аударыңыз.
  • Танысу кезінде жігітке ұнау үшін ол сөйлеп отырғандай жылдамдықпен және дыбыс деңгейінде сөйлеуге тырысыңыз. Оның тыныс алу деңгейіне сәйкес сөйлеңіз.
  • Жігітке қандай дүкен аралағаның жайлы, қайда барғыныңды, не алғаныңды айтудың қажеті жоқ. Жігіттің материалдық жағдайы туралы, отбасының мүмкіншіліктері жайлы тергеу жасау қажет емес, себебі, мұндай қылықтар бірден жиіркеніш тудырады.
  • Жаргон, сленг секілді жағымсыз сөздерді қолданба. Қымбат мейрамханаларға баруды меңзеудің қажеті жоқ. Жігіттің көңілінен шықсаң, өзі-ақ ұсыныс жасайды.
  • Экс-жігітіңмен болған қарым-қатынас жайлы ешқашан әңгіме қозғама. Жігіт барлық жерде бірінші болғанды қалайды.
  • Егер сен эрудициялы адам болсаң, оны бірден көрсетудің қажеті жоқ. Жігіттер ақылды қыздардан қорқады, бірақ тым ақымақ болып көрінудің қажеті жоқ.
  • Бірінші кездесуде кино, ән, күнделікті жаңалықтарды талқылаңыз. Өзіңіздің ойыңызды оған көп тықпалай бермеңіз. Оның пікіріне көбірек назар аударыңыз.

Арнайы 16qyz.kz сайты үшін Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған