Танысу сайттарында танысу мүмкіндігін арттыру

Интернетпен бірге заман өзгеріп келеді. Қазір біреумен танысу оңай, ол үшін танысу сайтына тіркелсеңіз жеткілікті. Бүгін біз сіздермен танысу сайттарында танысу мүмкіндігін арттыру жолдарын көрсетеміз. Сонымен, танысу сайттарында жігіттерге жол ашатын 9 қағида:

1. Профильдегі сурет анық, әрі жарық жерде түсірілгені дұрыс. Қара көзілдірік не басып киген баскиіммен түскен суреттерді жүктемеген дұрыс. Әдемі, күліп түскен, сапалы түсірілген суреттер жігіттің назарына бірден ілінеді.

2. Киіміңе мән бер. Жұмыстың логотиптері басылған киімдер, іш киіммен түскен, ашық – шашық киіммен түскен суреттерді жүктемеген дұрыс. Жігіт сені бірден төсек қатынасын іздеген қыз деп санайтын болады. Басты мақсатың сол болса да, аздап құпия болған дұрыс. Әрі интернет бетінде «жаман» атың шығып кетуіне осы суреттердің тікелей әсері бар екенін ұмытпа.

3. Артқы фонға мән бер. Шашылып жатқан киімдер, жиналмаған төсектің үстінде жатқан, арақ-шараппен түскен, темекі тартып, жігіттермен қалай болса солай құшақтасқан суреттер салма, жігіттер ондай детальдарға жете мән береді.

4. Қатты баттастырылып боянған суретіңді салма, жігіттер сәнсіз, ретсіз, көп боянатын қыздарға аса көңіл бөле қоймайды. Әдемі, жарасымды, сәтті жасалған макияж жігіттерге ұнайды. Жалпы жігіттер табиғи түрін көрсететін қыздарды қалайды.

4. Анкетаны қазақша қатесіз жазуға тырыс, қатемен жазған орысшаңды ешкім бағаламайды. Барынша шынайы, әрі қысқаша жазуға тырыс. Тым ақылшы болудың, тым көкірек болудың, тым көп мақтанудың қажеті шамалы.

5. Танысу сайтында жігітке бірінші жазудан қысылудың қажеті жоқ. Жігітке бірінші жазған кезде амандасып алған дұрыс болар, мәдениетті қыздар жігіттерге ерекше ұнайды. «Аға», «сіз» деп сыйлап жазып тұрсаң жігіттер тез «сынып» қалады.

6. Жігітпен таныса сала үйленгендігін сұрауға асықпа, бәрібір бірден ешқайсысы айтпайды. Ақырын-ақырын тамырын бассаң жігіттер өзі айтады. Дегенмен,  өте сақ бол! Үйленген жігіттерді анықтауда біздің мына мақаламызға көңіл бөл. Жігіттің үйленгенін танысу сайтында білу үшін сайтқа кіретін уақытын бақыла. Үйленген жігіттің көбіне 18 00 ден кейін сайтқа кіруі азайып, таңғы 9 00 ден кейін белсенді бола түседі.

7. Жігіттен «мұнда не үшін, неғып отырсың?» деп сұрау артық, танысу сайтында жігіттер екі мақсатпен отырады. Біріншісі әрине секс, екіншісі әрине дені дұрыс қыз табу. Таныса сала «үйленуге дайынсың ба?» деп сұрама, себебі сені сындыру үшін жауап міндетті түрде «иа» болады. Үйлену туралы кейін жақсы араласқасын сұрай жатарсың.

8. Жігітпен бірден кездесуге асықпа, 1-2 күн онлайн сөйлесіп ал, сонан соң телефонмен біраз күн сөйлесіп көр. Номеріңді беруге де асықпа, онлайн сөйлесіп, оның адекватты адам екеніне көз жеткіз.

9. Өтірік айтпауға тырыс, қазір интернет заманы, бір ғана есімің не бір ғана суретің арқылы барлық ақпаратты оңай таба алады, сондықтан өз өтірігіңе өзің батып қалма.

@АйжанКульмуханбетова, meet.kz танысу сайты

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған