Телефонға тәуелділіктен арылу

Телефонға тәуелділік қазіргі заман дертіне айналды. Бала да, үлкен де кез-келген жерде телефонан бас көтермейді. Бәрі телефондағы виртуалды әлемнің тұрғындарына айналғанын күнде көріп жүрміз. Телефонның зияны мен пайдасы туралы қаншама оқып біліп жатсақ та зияны көп екенін білеміз. Ең бірінші зияны отбасындағы қарым-қатынастың құртылуы. Себебі, ана баласына, әке отбасына, жарына қараудан қалып барады.

Номофобия (телефонға тәуелділік) – қазіргі уақытта кең таралған тәуелділік түрі.  Бұл аурумен әрбір екінші адам ауырады.

Көптеген адамдар бұны тәуелділік санамайды, тек өмір сүру стилі ретінде қарайды. Көптеген адамдар осылай ойлайды. Күнделікті қолында жүріп, бос уақытта қарап шығу олардың тұрақты әдетіне айналған. «Бәрі осылай жасайды, мен не олардан кеммін ба?«,- деген оймен әлеуметтік желілердегі ақпарат арқылы олар өздерінің иллюзиялық қарым-қатынастарын құра бастайды. Бұл кезде кез-келген адам шынайы өмірдегі қарым-қатынасына деген жауапкершілікті ұмыта бастайды. Себебі, отбасы болғасын көп нәрсеге уақыт, күш, ақша, төзімділік жұмсауың керек болады. Ал интернетте бұның бәрі оңай және ешқандай жауапкершілікті талап етпейді.

Сондықтан да, виртуалды әлемге ену адам өмірін жеңілдетеді, ойлау қабылетін баяулатады, санасын улап, шынайы өмірде нақты шешім қабылдауын қиындатады. Адамдардың телефонға байланып қалуының тағы бір себебі, олар өздерінің біреуге керек екендіктерін сезіну үшін және олардың бағалы екендерін сезу үшін. Қоңырау күту, таусылмайтын хабарламалар, қызықты талқылаулар адам өзінің самолюбиесін қанағаттандырып өзін бар әлемге керектей сендіреді.

Телефонға тәуелділік – адамға өзін әлемдегі жаман нәрселерден жалған қорғану сезімін ұялатады. Ол кез-келген уақытта достарымен, жақындарымен, дәрігерімен және т.б. көмектерді дер кезінде ала алады. Бұл сезім көбіне жалғыз адамдарға тән.

Телефонға тәуелділіктің тағы бір себебі – бұл адамның демалу формасы, адам автоматты түрде суреттерді сыдырып, лайк қойып, оқып, көруі оны болып жатқан проблемалар мен шаршауды ұмыттырып, жайландырады.

Күйеуіңіздің не балаңыздың, әйеліңіздің телефонға тәуелдігінің себебін білу үшін онымен ашық сөйлесу керек. Бұл автоматты түрде бола ма әлде ол бұны әдейі жасай ма? Әлде сізге бұл ісімен сізге деген ренішін білдіргісі келіп, сіздің назарыңызды өзіне аудару ма?

Адамға бұл мәселеде көмектесу үшін оның өз құптауы керек, сонда көмек жақсы іске асады. Көп жағдайда, адамдар бұны тәуелділік деп санамайды. Сондықтан сізге көп күш жұмсауға тура келеді, ұрсысу, жылау, айқайлау көмектеспейді.

Сіздің позицияңыз – оны бұл тәуелділік екеніне көзін жеткізу. Осының кесірінен сіздердің қарым-қатынастарыңыздың нашарлап кеткеніне сендіріңіз. Егер оған көнбесе онда ультиматум қойыңыз. Бастапқыда аз уақытқа телефонды өшіріп алысқа қоюуын өтініңіз, осылай -осылай ол телефон пайдаланбайтын уақытты артырыңыз:

  1. Ол үшін оның қызығушылығына көңіл бөліңіз, бірге балыққа барыңыз, билльярд ойнауға, дүкен аралауға, киноға бірге барыңыз. Немесе есік алдындағы жұмыста, үй жұмысында көмектесіп, үйдің жұмыстары жайлы, отбасыларыңыз жайлы, болашақтарыңыз жайлы әңгімелесіп, бірігіп жоспар құрыңыздар.
  2. Көңілін өзіңізге аударыңыз.  Төсек қарым-қатынасы ерлі-зайыптыларға ерекше ұнағандықтан ол одан бас тарта алмайды, оған жаңа нәрселер жайлы айтып, бірге жасауға талындырыңыз. Бірге эротикалық фильмдер қарап, ішкі сезімдеріңізді оятыңыздар.
  3. Достарыңызды не оның туыстарымен көбірек бірге уақыт өткізуге тырысыңыз. Табиғат аясына көбірек шығуға, қыдыруға жоспар жасаңыз. Аптасына бір күнді табиғат аясына шығуды ұйымдастырыңыздар.  Бірге демалу әрі денсаулыққа да пайдалы.

Өздеріңіз көріп отырғандай телефонға тәуелдік тек қажеттілік қана емес эмоционалдық жалғыздықтан да туындайды. Қасыңыздағы адамға көбірек көңіл бөлсеңіз оның да телефоннан алыстауы байқалады.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған