Тіске қай кезде ағарту жасату керек

Біздің заманымызда тістің аппақ болуы оның табысты әрі сол адамның статусымен қатар денсаулығы да жақсы екенін көрсетеді. Бүгінде тісті ағартудың қандай әдістері бар? Соңғы жылдары эстетикалық стоматология саласына қандай өзгерістер енді? Тісті ағарту қаншалықты зиянсыз? Ол эмальді зақымдамай ма?

Бұл туралы Frau Klinik емханасының стамотология бөлімінің жетекші маманы, 11 жыл еңбек өтілі бар Раисат Курбанованың ақыл-кеңестеріне назар салып көрейік.

Сонымен тісті ағарту процедурасы қаншалықты зиянсыз және оны қанша рет қайталап жасатуға болады?

Тісті ағарту міндетті терапиялық процедура тобына кірмейді және медициналық көрсеткіші жоқ. Демек, пациенттер қандай жағдайда тісін ағартуға келеді?

Әрине, бұл процедураға біріншіден тісіне көңілі толмаған пациент келеді. Мәселен, сарғыш тартқан, ашық түсті емес сұрланып кеткен тістер адамды кәдімгідей ыңғайсыз күйге түсіреді. Жалпы, адам баласының жымиғаны – жақсы қасиет, ол адамға жылулық пен әр беріп қана қоймай өзіне деген сенімін де арттыра түседі. Ал тісінің сарғыштығынан жымиюға қысылса, ол оның әлеуметпен байланысына да кедергі келтіреді. Сол себепті, адамдар осы проблеманы шешу үшін тісін ағартуға жүгініп жатады.

Кейбір жағдайда дәрігер-стоматологтың өзі пациентке жақсы нәтиже алу үшін өздері де қажетті ақыл-кеңесті ұсынады. Мысалы, ортопедиялық емдеу. Бұл жерде тіске қаптама, винир, көпір сияқты протез орнатуды ұсынады немесе композитті реставрация әдісімен тістерге эстетикалық сауықтыру жұмыстарын жүргізеді.

ZOOM4 жүйесі бойынша ағарту алдыңғы тістің пломбасын ауыстыру және қисайған жерлерді түзетер алдын жасалады.

Тісті ағартудың қандай түрлері бар және айырмашылықтары неде?

Тісті ағартудың бірнеше түрі бар – лазер, химия, фотоағарту және үй жағдайындағы ағарту.

Қай әдістің болмасын өзінің көрсеткіші бар. Соның ішінде кең тарағаны фотоағарту яғни ZOOM4 атауымен танымал. Содан кейін арнайы жасалған гельдің көмегімен үйде ағарту жасайтын жүйе. Бұлар кез келген пациентке жарай береді, сондай-ақ тістің денсаулығына да айтарлықтай қауіп келтірмейді әрі жоғары нәтиже береді.

Десе де, кез келген медициналық процедура сияқты тіс ағартудың да қарсы көрсетілімдері бар. Бұл жүктілерге, емізулі кезде, пародонтит кезеңіндегі асқынуда, ағартатын жүйелердің құрамына аллергиясы барлар, онкологиялық аурумен ауыратындар, психикалық ауытқуы мен эпилепсиямен ауыратындарға тіс ағартатын процедураны жасатуға болмайды. Одан басқа, антибиотик қабылдап жүрген пациентке де тісін ағарту зиян.

Жоғарыда аталған тіс ағартудың түрлері бәріне бірдей жаға ма әлде басқа әдіс қолдана ма?

Бұған Раисат Қурбанова ағартудың түрлері клиникалық ситуацияға қарай таңдалады дейді. Мысалы, егер сіздің тісіңіз өте күрделі, түсі бұзылған болса (тетрациклин), мұндай жағдайда тісті ағарту үшін лазерлік методика қолданылады. Кейде тісті 4-6 тонға дейін ағарту үшін ZOOM4 фотоағарту жүйесін іске қосады. Ал үй жағдайында ағарту үшін пациентке тістің табиғи түрін қайта қалпына келтіру міндеті қойылады. Оны 2-3 тонға дейін көтеру керек. Ал одан тез нәтиже шығару үшін кабинеттегі тіс ағарту сеансы жасалады.

Тіс ағарту ауырта ма?

Соңғы жылдары тіс ағартуда қандай жаңалықтар барына тоқталсақ. Алғашында тіс ағарту әрекеті ауыртатын әрі жарақат алып келсе, бүгінде өндірушілер өздерінің технологиясын жаңартып, модернизациялауда. Бұл пациенттердің тісін ағарту процедурасын әлдеқайда жеңілдетіп, тиімді ете түсті.

Тіс ағартатын аптекалық препараттар

Бүгінде сатылымда өз бетіңізше тісті ағартатын дәрілер көп. Оны қалтаңызға қарай арзан, қымбатын сатып ала аласыз. Дегенмен, мұндай құралдарды сатып алардың алдында өндірушілер туралы анықтама мен сол туралы жазылған пікірлерді оқып шығып, танысып алыңыз.

Ағартатын талшықтар

Стандартты жиынтықтың құрамында 28 талшық болады. Оны екі апта бойы күн сайын қолдану қажет. Оны тісіңізге рет ретімен жабыстырып шығасыз да 30 минут ұстайсыз. Оның құрамына сутек қышқылы бар. Ол тісіңіздің екі есе аппақ болуын қамтамасыз етеді.

Ағартатын қарандаш

Бұл өте қарапайым тәсіл. Бұл да әлгі талшық сияқты қолданылады. Фломастерді алып әр тісіңізге жағып шығасыз. Қалай қолдану керектігі туралы нұсқаулықта (1-10 минут) көрсетілген. Процедурадан кейін аузыңызды сумен шайып тастаңыз.

Ағартушы тіс пастасы

Тіс пастасы сарғайған түсті кетіре алмайды. Ол тек тіс жегісін кетіруге арналған. Абразивті заттар мен егеулейтін компонент эмальдің бетіндегі дақтарды кетіреді. Алайда бұл құралды үнемі пайдалануға болмайды. Бір апта қолданғаннан кейін арасын екі ай ұзартуыңыз керек.

Ағартатын тіс щеткасы

Егер қорапта white немесе polish маркировкасы тұрса, соның көмегімен тістегі шай мен кофенің тұрып қалған дағын кетіру қажет. Онымен эмальді егеулеп, тісті жұмсақ әрі жарқыратып қоюға болады. Әрине бұдан тіс ағарып кетпесе тұрақты пайдаланғандықтан тісіңіздің табиғи түсін қалпына келтіре аласыз.

Процедураның жасалу жолдары

Тісті ағарту амбулаториялық жолмен өткізіледі, пациенттен аса бір дайындық талап етілмейді. Әдеттегідей бірнеше күн бұрын процедура алдында ауыз қуысын тексеруден өткізіп, тіс өңезі мен тасты алып тастау керек. Тісті ағарутға 45-60 минуттай уақыт кетеді және шетінен орындап шығады.

Маман бірнеше рет тіске арнайы ағартатын гель жағады, оны лампаның қызуымен іске асырады. Гельді өшіріп, қайтадан гельді жағу тістің ағаруын күшейте түседі. Тістің ағарып, ойдағыдай нәтиже беруі үшін 15 минуттан 3-4 сессия жасау қажет.

Бұл процедура қымбат па?

Тіс ағарту қанша уақыт кетпей тұрады? Бұл сеансты қанша уақыттан қайталау керек. Процедураның бағасы ағартудың түрлеріне байланысты. Мысалы, Мәскеуде тісті ағартудың орта есеппен бағасы 25 000 рубль, біздегі теңгемен салыстырғанда …… теңге.

Нәтижесі 1 жылдан 3 жылға дейін сақталады. Оның эффектісі пациенттің өзіне де байланысты. Яғни пациенттің зиянды әрекеттері, шылым шегу, тамақ ішудегі талғамы тістің сарғаймауына әсер етеді. Мысалы пациент қып-қызыл шай, қою кофе, тәтті газдалған сусындар т.б. ішсе тістің ағарып тұруы ұзаққа созылмайды. Мұндай клиенттерге үй жағдайында жасалатын тіс ағарту түрін пайдаланған абзал.

Қажет болған жағдайда тіс ағартуды бір жылдан кейін ғана қайталау керек. Бұл жолы тісті 9 тонға дейін ағарту керек болады. Бұл процедураны көп пайдалану зиян. Олай болған жағдайда тіс тым сезімтал болып кетеді.

Бір айта кетерлігі, қазргі заманғы технология және жоғары кәсіби мамандар бұл процедураны қауіпсіз етіп жасайды. Әрине, барлық нәрсенің шектеуі бар. Тек алдын ала стамотологпен міндетті түрде ақылдасып алған жөн.

Тісті мүмкіндігінше медициналық жағдайы жасалған стоматолог кабинетінде жасатқан дұрыс.

Жалпы, тіс ағарту таза химиядан тұрады. Жарнамада қанша жерден ұрандатса да тістің эмаліне әсер ету үшін тек қана химиялық реакция қажет. Бұл жерде химиялық заттың қай түрін пайдалануды дәрігер шешеді.

Химиялық заттың негізгі түрі ол сутегі пероксиді. Гельді белсенді ету үшін ультракүлгін сәулесімен, жарықдиодты және лазердің көмегімен іске асырады. Мәселен, салқын түспен іске асырылатын (жарықдиодты) тіс ағартудың ішінде ең зиянсызы болып саналады. Бұл ZOOM 4, Amazing white Extra және Premium. ZOOM 3 те тіс ағартудың жұмсақ түрі, ультракүлгінмен жасалады. Алайда бұл тіс ағартудың бұрынғы түріне жатады. Мамандар қазір мұны тіске қатты зақым келтіреді дейді.

Ағарту кезінде гельден жасалған белсенді кислород кристалл торламаға еніп, күңгірт дақты күйдіреді. Міне, дәл осы дақтардан пациент құтылғысы келеді.

Тісті ағартып болғаннан кейін қалпына келтіру кезеңі аптаға жуық жүреді. Себебі, тіс суыққа немесе жылыға сезімтал болады. Осы кезеңде тістегі жайсыздықты болдырмау үшін аналгетик пайдаланылады. Егер симптомдар 5 күннің ішінде кетпесе көп ұзатпай дәрігерге қайта қаралу керек.

Қазіргідей стоматологиялық процедура практикасы дамыған заманда тіс ағарту ешқандай күрделі мәселе тудырмайды. Ол еліміздегі әрбір клиникада жасалып жататын дүние. Тіс ағартудан эмаль құритыны рас. Себебі, онсыз да тісіңіздегі дақ пен сарғышты кетіргелі жатырсыз. Ал ол өз кезегінде химиялық процедураға төтеп бере алмауы мүмкін.

Дайындаған Нұри МӘУЛІТ

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған