Тұрмысқа шығудың ең жаман 5 себебі

Үйлену бізді бақытты етіп қана қоймай денімізді де сау етеді. Бірақ ол үшін отбасы махаббатпен құрылуы керек. Өмірде бәрі болады, бірақ үйлену ойын емес. Үйлену – адамның өміріндегі ойланып, толғанып барып жасайтын маңызды қадам. Күйеуге жай не жаман бір себеппен шығу дұрыс емес. Егер сіз тұрмысқа шығатын болсаңыз, мына себебптермен емес екеніне көз жеткізіңіз.

1. Біреуге бірнәрсені дәлелдеу.

Қазіргі қоғамда үйлену бір ұтыс, жеңіс, өркендеудің, бақыттың көрсеткіші сияқты. Осы себепті де көп адамдар өзіне және өзгелерге бірнәрсені дәлелдеу үшін үйленіп жатады. Бірақ, үйлену келеңсіздіктерді жоймайды, тек жаңасы пайда болады. Осыны ұмытпаңыз.

2. Біреуге қамқор болу үшін.

Біреуге қамқор болу дұрыс әрі мықты сезім. Қамқор болу жақсы қасиет, осы мақсатпен үйлену дұрыс, бірақ біреуді ұстау үшін, біреуге тәуелді болу үшін емес. Тәуелділік -ешқашан жақсылыққа әкелмейді және ондай қарым-қатынас тең болмайды.

3. Өзіңнің бағаңды білу үшін.

Егер махаббат сіздің бағаңызды арттыратынына мақтанатын болсаңыз – бұл қауіптің барлығынан хабар береді. Біздің құндылығымыз ішімізден, біздің санамыздан туындайды. Біз үшін біреу ешқашан сізді жасай алмайды, бағаңызды арттырып құндылығыңызды арттырмайды. Оған тек өзіңіз себепшісіз.

4. Уақыт келгені үшін.

«Уақыт зымырап өтіп жатыр» – дегенді біз өзгерлерден де туыстарымыздан да жиі естиміз. Өз өміріңізді өзіңіз басқарыңыз, біреудің қателігінен туындаған стреотиптерін тыңдай бермеңіз. Өз уақытыңызды өзіңіз қадағалап, қалауыңызға қарай жұмсаңыз.

5. Өзіңізде болмаған отбасына қол жеткізу үшін.

Бала күнгі жарақаттарды емдеу қиын. Бала күнгі ауыртпалықтардан қашу – сізде болмаған отбасына қол жеткізу қиялына сену. Бірақ, уақытты кері қайтара алмаймыз. Бала күнгі ауыртпалықтарды кешіріп, олардан өзіңізді босатыңыз. Содан кейін ғана үйленіп, отбасылы болуды ойлаңыз.

Бұл жайында сіз не ойлайсыз?

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған