Тұрмыста белсендірілген көмірді пайдаланудың 5 тәсілі

Тек ішек тазарту үшін ғана емес, тұрмыста, сұлулық пен денсаулық үшін белсендірілген көмірді пайдаланудың 5 тәсілі бар.

Тіс ағарту. Белсендірілген көмірдің көмегімен сіз тісті ағарта аласыз. Бұл кофе, темекі мен шараптың дақтарын жояды. Қоспаны дайындау үшін, бір таблетка алыңыз, оны езіп, сәл тіс пастасын қосыңыз, араластырыңыз. Қоспа дайын, бірнеше ай бойы аптасына 1-2 рет тісіңізді тазалаңыз.

Суды сүзгілеу. Қасиетіне байланысты белсендірілген көмір суды тамаша тазартады. 1 л суға 1 таблетка (есебімен) 8 сағатқа суды тұндырып қойып тазарған су ішуге болады.

Теріні тазарту. Белсендірілген көмір – теріні тазартатын маскадағы тамаша ингредиент. Ол бактерияға қарсы қасиетке ие, теріні қабыршықтайды, тері тесігін кішірейтеді және артық майды кетіреді. Оны өзіңіз дайындаған кез келген маскаға қоса аласыз.

Асқорытуды жақсарту. Белсендірілген көмір зат алмасуды жақсартады және иммундық жүйені күшейтеді, себебі ол ағзаның қалыпты жұмысына кедергі келтіретін токсиндер мен ауыр металдарды тез жояды.

Жағымсыз иістен құтылу. Белсендірілген көмірді үгітіп, жағымсыз иіс көзіне қоясыз.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған