Үндістанда 65 жастағы әйел дүниеге сәби әкелді

Бала сүю бақыты кез келген жаста бұйыруы мүмкін екені тағы бір рет дәлелденді. Үндістанда 65 жастағы әйел дүниеге сәби әкеліп, жас ана атанып отыр. Бұл туралы Daily Mail ақпарат құралы жазды.

Нәресте үнді әйелінің екінші баласы. Тұңғыштары қазір сегізде екен. Әйел кесір тілігіне жүгінбей, өзі босанған. Дәрігерлер ана мен баланың хал-жағдайлары жақсы екенін айтып, жақында перзентханадан шығатындықтарын жеткізген. Сәбидің әкесі  Хаким Дин 80 жаста көрінеді.

«Әдетте Үндістанда менопауза 47 жаста басталады. Сондықтан осы жастан кейін әйелдердің балалы болуы мүмкін емес. Ал бұл сирек жағдай болып отыр», -дейді репродукция және босандыру дәрігері Шабира Сидики.

Қазіргі таңда дүниеге сәби әкелген ең жасы үлкен әйел 72 жаста босанған болатын,  2016 жылы босанған бұл ана да Үндістаннан еді. Ол операция арқылы босанған болатын.

 

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған