Ұнның бөжектенуі мен дәнді-дақылдардың пітелеп кетуінің алдын алатын шаралар

Күн суытып, қар, жаңбыр жауған сайын ауа дымқыл тарта бастайды. Пешке от жағып, үйіңіздің ішін жылытатыныңыз белгілі. Дәл осы уақыттарда үй ханымдарын тосын сый күтіп тұруы ғажап емес. Ол үйде ұшып жүрген ұсақ қара бөжек, көбелектерді байқасаңыз, дереу ас үйіңізді тексеріп көріңіз. Ылғалды ауа мен жылы орта зиянкестердің көбеюіне нағыз ыңғайлы орта.

Осындай жағдай басыңызға келмес үшін, біз сіздерге үйде күріш, тары, бидай сияқты дәнді-дақылдар мен ұн, макарон сияқты азық-түліктерді піте, зиянкестерден қалай сақтау керегі жайлы кеңестерді ұсынамыз:

  1. Дәнді-дақыл, азықтарды сатып аларда аз аздап, мөлшермен, тез таусылатындай етіп алыңыз.
  2. Дәнді-дақыл, азықтардың пітеленуі, құрттауы көбінесе калорифер қолданатын орталықтан жылытатын пәтер, үйлерде көп кездеседі. Сондықтан, ұн, макарон, күріш, бидай, бұршақ, ноқат  сияқты азықтарды ас бөлмеңіздің ең салқын жеріне немесе балкон, үйдің ең салқын бұрышында сақтаған жөн.
  3. Ең қауіпсізі тоңазытқышта сақтау. Әрине, оның бәрін тоңазытқышқа сыйдыру мүмкін емес. Алайда бөз матадан шағын қапшықтар тігіп сақтауға болады.
  4. Пластикадан жасалған ыдыс, нейлон, кленка пакеттерде сақтамаңыз. Керісінше, зиянкестер мұндай ыдыс, пакеттерге үйір келеді. Ең абзалы, шыныдан жасалған ыдыстар.
  5. Күрішті алған соң жақсылап құрғатып алыңыз. Содан кейін матадан тігілген қоржын не шыны ыдысқа салып, тұзбен араластырып қойыңыз. Арасында қолданған кезде, шыны ыдысты шайқап тұруды ұмытпаңыз. Көбінде піте күрішке үйір келеді.
  6. Бұршақ, ноқат, ұнның ішіне бірнеше лавр жапырағы немесе бірнеше сарымсақты салып қойыңыз. Зиянкестердің алдын алуда лавр жапырағы таптырмас құрал.
Фото: edimdoma.ru

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған