Психологтар «тілалғыш» баланы (удобный ребенок) өмір сүруге бейімсіз келетінін айтады.

Бала – бала болса да оның жеке шекарасы сақталып,  тұлға ретінде құрметтелуі тиіс.

***

– Мені шақырдыңыз ба? – деді Мария Ивановнаға қарама қарсы отырған әйел.

– А, иә, сіз Ваняның мамасысыз ба? Сізбен сөйлесетін әңгіме бар.

– Иә, айта беріңіз, тыңдап тұрмын.

– Түсінесіз бе, сізге қалай айтарымды да білмей тұрмын. Ваня мектепте басқа балаларға секіретін (прыгуны) ойыншық сатыпты. Мұғалімдер көріпті, сосын маған айтты. Машаны шақырып алып сұрасам расымен ол да ойыншық сатып алыпты, басқалары да алыпты, – деді қайғы түр жасап алып. Ваняның мамасы болса күлімсіреп:

– Содан соң?

– Содан соң дегені несі? Әрине Марьиванна апай оқушысының шешесінен ойбай-зар күткен болса керек.

– Жарайды, сосын? Түсінгенім бойынша секіретін ойыншық доп сатқан ғой, солай ма? Жарайды, ал мені не үшін шақырдыңыз?

– Қалайша, осы үшін шақырып отырмын сізді. Мектепте, үзіліс кезінде…

– Сабақ үстінде ме?

– Жжжооқ, Ол мектепте ойыншық сатып жүр! – деді ызаланған мұғалім.

Бұдан арыға төзімі жетпеген баланың анасы қасын керді де:

– Ол өзін жаман ұстады ма? Оған мұғалімдер үстінен шағым айтып келді ме? Жоқ екі алып қалды ма? Біреумен жаға жыртысып төбелесіп немесе бірдеңе ұрлады ма? Әлде секіретін ойыншық сатамын деп біреуді алдап соқты ма?

Марьиванна аузы ашылған күйі бірнеше минут аңырып тұрып қалды.

– Жоқ, бірақ…

– Демек, баламның үзіліс кезіндегі бос уақытында өзінің кішігірім бизнес жоспарын жүзеге асырғаны, сабағына немесе тәрбиесіне кері әсерін тигізеді деп айтқыңыз келіп тұр ма?

– Ойбаай, сіз шынымен…

– Әрине, мен себебін анықтағым келеді, соған бола жұмыстан сұранып келдім емеспін бе?

– Енді мен сізге айтып тұр емеспін бе себебін… – деді таусыла Марьиванна күйіп-пісіп.

– Сіз мені кешіріңіз, бәлкім мен мектептегі әдеп ережесін мұқият оқып шықпаған болармын. Бірақ үзіліс кезінде ойыншық сатуға болмайды деген жері есіме түспей тұрғаны.

 

– Қалайша айтқанды түсінбейсіз. Мектепте ештеңе сатуға болмайды! – деді апайы ашуға булығып.

– Рас па? Сіздердің сонда асханаларыңыз да тәтті бөлішкені тегін тарата ма?

– Бұл жерде бөлішкенің не қатысы бар?

– Өзіңіз айттыңыз ғой, мұнда ештеңе сатуға болмайды деп. Бірақ, мен неге екенін білмеймін балама күн сайын бөлішке алып же деп ақша беріп тұрамын.

– Мда, демек сіз райыңыздан қайтқалы тұрған жоқсыз. Ол мектепте басқа балаларға ойыншық сатты. Бұл жер базар емес, бұл жер мектеп!

– Әрине, кешірім сұраймын, бірақ сіз менен нақты не талап етіп тұрсыз? Егер бұл мәселе сіздердің ережелеріңізде болмайды деп жазылған болса, оны жай ғана балама апарып көрсетіңіз. Ваня өте ұқыпты, заң бұзғанды өзі де ұнатпайды.

– Ал сіз барып ықпал еткіңіз келмей ме?

– Ықпал етіп? – Ваняның мамасы бірер сәт ойланып қалды. – А, иә. Ол өзінің кішігірім бизнес жоспарын жасап, сатып алушыларын анықтады. Оны сататын жер тауып, келетін табысты да менің көмегімсіз өзі есептеп шықты. Бір өзі! Әрине, баламды барып мақтап, бір арқаландырып қоймасам) Қалай ойлайсыз, оның осы жерден тапқан пайдасы жексенбі күні аквапаркке барып қыдырып қайтуына жететін шығар? А, сосын мұндай мәселені келесі жолы телефонмен-ақ шеше салайықшы. Жұмысым күтіп тұр, ал уақыт – ақша.

***

Көз алдарыңызда екі шындықтың қақтығысу оқиғасы өрбіді, бірі мектептегі және ондағы ересектер, заманауи және посткеңестік, тілалғыш және пысық, үйреншікті және креативті адамдар.

Неге екені белгісіз, көптеген ата-аналар баласы 18 жасқа дейін өте тілалғыш, инертті, момақан (үні шықпайтын болса тіпті жақсы), оқу үздігі, сосын бірдестен табысты, өзіне өзі сенімді, табыскер бизнесмен болып шыға келгендігін қалайды.

Сосын таң қалып жүргендері – былай қарап тұрсаң сүйрелеп жүріп оқуға түсірді, үй алуға көмектесті, жұмысқа тұрғызды. Бірақ, ештеңе өзгере қоймады. Әлгі баласы таң атқаннан кешке дейін кеңседе сүйретіліп, жексенбі күндері компьютердің алдында отырады. Ол аздай жұмыс істеп жүрсе де ата-анасынан ақша алады.

Біз қай жерден қателестік? Нені дұрыс істемей қалдық? Бәрін сол бала үшін жасадық қой…

***

Бірақ бір кездері баласының бесінші класс оқып жүрген кезінде каратеге барғысы келгенін айтқан кезде, ойбай, жарақаттанып қаласың деп жібермегенін ұмытып кеткен. Жетінші класта брейкпен айналысқысы келетінін айтады. (Ойбу, ұят, ешкім естімесін!) дейді ата-ана бетін шымшып. Оны сегізінші класқа келген кезде күштеп авиамодель жасауға жібереді. Тоғызыншы класта ағылшын лицейіне ауыстырады. (Жаңа достар табасың дейді). Ал 11 сыныпта бірінші курста оқитын қызбен кездесуіне тыйым салады. (Ой, алда әлі талай Катяларды кездестіресің!).

Журналистикаға оқуға түсемін дейді. (Қайда? Журик? Оттапсың!). Сөйтеді де болашақта жақсы табыс тапсын деп ақылы экономикалық оқуға жібереді. Бірақ, неге екенін, баласының математикаға үлгерімі нашар. (Жарайды, үйреніп кетер). Сосын Коля деген ағасының фирмасына жұмысқа орналастырады. (Ол мынадай заманда жұмысты өздігінен қайдан тапсын…)

Сосын тағы да анау пәленше деген көршінің баласына таң қалып жүреді. Мектепте сотқар, тізесі қанап жүретін. Мектепте жыл сайын секцияны ауыстыратын, бір жерде байыз тауып отырмайтын. Саясатты оқуға барды. Келер жылы тастап кетті. 18 жасқа дейін әр жерде жұмыс істеді. 20 жасында сырттай оқуға барды. Ал қазір оның өзінің жеке фирмасы, көлігі, сұлу әйелі бар, жақында балалы болғалы отыр. Әйелімен бірге велосипедпен серуендейді, әр демалыс сайын бір жаққа барып келеді. Оны білетін себебі, көршісі оған суреттерін көрсеткен. Бұл қалай болғаны сонда?

Әрине, мұнда жалпылама айтылған. Егер балаға үш жасынан өз қалауын айтуға мұрша бермей, он жасына дейін тыйып ұстап келсеңіз, ол 20 жасында аяқ астынан өзіне өзі сенімді болып кетпейді. Ол ата-анасы үшін өте ыңғайлы (удобный), киімін жыртпайтын, тізесін жарақаттамайтын, мұғаліммен дауласпайтын, өз пікірін білдіре алмайтын қолбала болып шығады.

Өте тіл алғыш, тәртіпті болып қалыптасады. Бұл жерде ата-ана қандай бала өсіріп шығарғысы келетінін ойлану керек. Бала кезінде айтқанынан шықпайтынын ба әлде өмірде табысты болғанын ба?

Бала кезінде әрнәрсеге бір қызығып, ұрынып өзін іздеп жүрген баланы мәжбүрлеп музыка мектебіне беру үлкен қателік. Мұның салдарынан өз қызығушылығы жоқ әрі музыканы өлердей жек көретін бала болып шығады.

Бала да адам, тек әлі кішкентай. Оның да өз айтары (құқығы), өз шешіміне жауапкершілігі болуы тиіс. Осылай ғана ол жауапкершілігі мол азамат болып өседі, әйтпесе өмір бойы «мамасының баласы» күйінде қалып кетеді. Егер онымен ақылдаспастан барлық шешімді ол үшін өзіңіз жасайтын болсаңыз, ол сізге қазір қолайлы болғанымен, болашақта өзіңіз де, бала да қиналады.

Бастысы, ата-ана қолдау көрсету керек. Оқу бітірген соң таныстарыңыз бен туысқандарыңыз арқылы жұмысқа орналастырып жүрмейсіз. Керісінше, балаңызға «Сен өзің шеш, ал біз мамаң екеуміз қолдаймыз» деу дұрысы.

Балаларыңызды тыңдап, зер салып үйреніңіз. Кеңес беріңіз, бірақ мәжбүрлемеңіз.

Қолдаңыз, кедергі болмаңыз. Ұсыныңыз, жасатуға тырыспаңыз.

Түсіндіріңіз, тыйым салмаңыз.

Сол кезде бақытты боласыз!

 

Авторы: Татьяна Голованова

Аударған: #ЖансаяСыдықбай

Фото: https://zen.yandex.ru/media/id/5abb52660422b49e33205ed4/udobnyi-rebenok–horosho-ili-ploho-5acb07b557906afe5de72df1

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған