Жақсы әдет қалыптастырғыңыз келе ме? Тізімде 100 әдет

1 Таңғысын және кешкісін тіс тазалау

2 Айнадағы өз бейнеңізге жымия қарау

3 Күніне 1 алмадан жеу

4 Сүйікті хобби табу

5 Таңғысын жаттығу жасау

6 Таза ауада серуендеу

7 Айналаңды таза ұстау

8 Салқын сумен жуыну

9 Адал болуға тырысу

10 Айналаңдағыларға үнемі жақсы сөздер айту

11 Белсенді демалу

12 Өзіңді жақсы көру

13 Өз өміріңе жауапкершілік алу

14 Жақындарыңды жақсы көретініңді айту

15 Өмірдің барлық сабақтарына алғыс айту

16 Өзіңе сену

17 Балаларға мейірім шашу

18 Әр күніңе алғыс айту

19 Кітап оқу

20 Достарыңмен араласу

21 Сұрағанға кеңес беру

22 Ұйқыны қандыру

23 Денсаулықты күту

24 Көңілді түсірмеуге тырысу

25 Пайдалы істі үйрену

26 Өмірден ләззат алу

27  Күнделікті таңның атысын көзбен көру

28 Ескі дүниелерден уақытылы құтылып отыру

29 Дұрыс тыныстау

30 Дұрыс демалу

31 Сәнді көріну

32 Қоршаған әлеммен гармонияда болуға тырысу

33 Бастаған істі соңына дейін жеткізу

34 Қателіктен ой түю

35 Сауатты жазу

36 Сауатты сөйлеу

37 Істеген ісіңнің нәтижесін алдын ала ойластырып алу

38 Жарты жылда бір рет денсаулығыңды дәрігерлерге тексертіп тұру

39 Жұбайыңды сыйлау

40 Дау-дамайдан аулақ жүру

41 Тез шешім қабылдауға үйрену

42 Мерекелерді әсерлі, есте қаларлықтай өткізу

43 Жақсыны ғана есте сақтау

44 Кешіруді үйрену

45 Тосын сыйлар жасау

46 Армандау

47 Өзіңе уақыт арнау

48 Басқаларға қамқор болу

49 Айналаңды сұлуландыруға тырысу

50 Жаңаны көрмекке

51 Жемістер мен көкөністерді көбірек жеу

52 Тамақ ішер алдында қол жуу

53 Күнделік жүргізу

54 Бет, қол, шаш күтіміне көңіл бөлу

55 Аптасына бір күн ашығу

56 Жоспар құру

57 Қаржылық жағдайыңды дұрыс бағалауды үйрену

58 Дүкенге барарда тізім жасау

59 Артық зат сатып алудан қашу

60 Өмірге мақсат қою

61 Көңіліңді алаңдатпау

62 Медитация жасау

63 Тамаққа дейін су ішу

64 Күніне екі литр су ішу

65 Ай сайын табысыңның он пайызын болашаққа жинау

66 Ай сайын табысыңның он пайызын қайырымдылыққа жұмсау

67 Жол көлік қозғалысы ережесін үнемі сақтау

68 Табиғатты аялау

69 Өз биоритміңді қадағалау

70 Бөлмелердің ауасын уақытылы алмастырып отыру

71 Балалардың сөзіне құлақ асу

72 Балалармен ойнау, әңгімелесу

73 Кейде ерекше іс істеу

74 Өзіңді үнемі дамытып отыру

75 Ескі өкпені ұмыту

76 Қателігіңді мойындау

77 Өркөкіректік пен басқа да жағымсыз мінезден арылу

78 Қателігің үшін кешірім сұрау

79 Кейде өзіңді еркелету

80 Түйсігіңді дамыту

81 Әр күніңді қайталанбастай етіп сүруге тырысу

82 Қоғамдық көлікте қарттар мен мүгедектерге орын беру

83 Маңызды іс пен маңызды емес істің ара жігін ажырата білу

84 Әр көктемде гүл мен ағаш отырғызу

85 Жалықпас үшін уақытылы жұмыс немесе мамандық ауыстыру

86 Өзіңе не керек екенін айқындау

87  Армандарды жүзеге асыру

88 Өз қолыңмен сыйлық жасау

89 Ойлануға уақыт бөлу

90 Жалқаулықты жеңу

91 Басқаларды көбірек мақтау

92 Өзгеріске ашық болу

93 Өміріңде болып жатқан құбылыстарға сергек қарау

94 Басқалардың сөзін соңына дейін тыңдау

95 Өзіңді қабылдау

96 Үйден шығарда газ, тоқ, судың өшкенін тексеріп отыру

97 Сырттан келгенде аяқ киімді бірден тазалау

98 Алған затты қайтып орнына қою

100 Отбасыңа көп көңіл бөлу

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған