Жар таңдауда неге қателесеміз?

«Күйеуімді сүймеймін, іштей басқа адамға тартылып, соны қалап тұрамын…»
«Бізде бәрі жақсы, бірақ өмірім қаңырап бос тұрғандай» 
Жекеме осындай хаттар келеді. 
Неге адамдар жар таңдауда қателеседі? Осы туралы айтайын. 


Қазір кейбіріңіз мазақтаған кекесінге толы «*екс керек болған соң, басы істемей қалған ғой» деген жауап айтарсыз. Ал мен айтар едім – БІЗ ТАҢДАУ ЖАСАЙ АЛМАЙМЫЗ.
Бізге адамдарды ажырата білуді кім үйретті? Бізге Отбасы дегеннің не екенін кім түсіндірді?

Есіңізге түсіріп көріңізші, балабақшаға барған кезде сіз өзіңізге няня таңдадыңыз ба? Ұстаз таңдадыңыз ба? Мектепте бір партада отыру үшін өзіңізге сыныптас таңдадыңыз ба? Әрине, көпшілігіңіз жоқ дейтіндеріңіз сөзсіз.
Ендеше бізді бала кезімізден қасымыздағы адамдарды таңдауға емес, көндігуге үйретсе, қалай таңдау жасауымыз мүмкін. Біздің орнымызға өзге біреулер шешім қабылдаған.

Сол бала шақтағы таңдау әдісі санамызда әдет болып қалып кеткен:

«Кім маған күлімдеп қараса, демек сол жақсы» немесе «Мен оған тұрмысқа шығамын, себебі ол мені сүйеді».
Мұның астарында біз инфантилді тұжырым жасаймыз, яғни «Адамдар маған қалай әрекет жасайды, мен де соған қарай жауап беремін».
Дәл осы әдісті пикаперлер, альфонсолар, маньяктар, педофилдер, жай жауапкершілігі жоқ масыл адамдар да пайдаланғандықтан, аузымыз күйіп жатады, соның зардабын тартамыз. Отбасында да, бизнесте де, достықта да. Олар бізге күліп қарайды, ал біз дереу елп ете қалып, қарызға ақша береміз, өзімізбен бірге өмір сүруге рұқсат етеміз, үйімізге кіргізіп аламыз.
Тіпті адам өтірікші болмаған күннің өзінде онымен бірге өмір сүру, іш пыстырарлық болып шығады.
***
Біз балаларды таңдауға емес, шыдауға, көндігуге, сырттай бәрі жақсы сияқты яғни «окей» етіп көрсетуге үйретеміз.
Мұның салдары адамның барлық нәрсені дұрыс ажырата біліп қарауына, маңызды нәрселерді дер кезінде көре білмеуіне әкеліп соқтырады. Сөйтіп өміріңізді саналы түрде сүріп емес, керісінше «бағым жанды немесе бағым жанбады», «жолым болды – жолым болмады» деген сияқты лотереяны ұтып алатын өмірді сүруге мәжбүрлейміз. Ал бұл лотереяға қатысушылардың бәрі жеңе бермесі анық…

Авторы: Алексей Скурихин

Аударған: Жансая Сыдықбай

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған