Желіде танысу кезінде ескеретін 7 жайт

«Нимфоманка в сети, или Эволюция желаний» кітабының авторы Нора Райттан интернетте танысудың қыр-сыры жайлы 7 кеңес.

№1. Серігіңізді тексеріп көріңіз – ұрыс тудырыңыз

«Сайтта әңгіме өрбітудің бір тәсілі – арандату. Жаңа танысыңызды тексерістен өткізіп көріңіз. Кішігірім ұрыс тудырыңыз – оның қандай да бір сұрағына дөрекі жауап беріп, қарсы реакцияны бақылаңыз. Егер ол да сізге дөрекі жауап беріп, сізге тіл тигізсе, онда мұндай адаммен таныстықты әрі қарай жалғастырудың қажеті жоқ. Ал егер бәрін қалжыңға айналдырып, жұмсақтық танытса, ойлануға болады.

№2. Нөмірлеріңізбен алмасыңыздар

«Егер интернетте танысуыңыздың басты мақсаты – отбасы құруға лайықты адам іздеу болса, онда жалпы процеске салмақтылықпен қарау қажет. Жазысуды көп созбай, бірінші күні-ақ телефон нөмірлеріңізбен алмасуды ұсынамын. Бұл біршама авантюризмді қажет ететіні белгілі. Жазысудан телефонмен сөйлесуге көшу қауіпті емес, ал бірінші кездесуде оның үйіне бару (немесе сіздің үйіңізге келу) қауіпті болуы мүмкін.

№3. Ер адам бірінші хабарласуы керек

«Міндетті түрде ер адам өзі бірінші хабарласқанын күтіңіз. «Қазір баланс болмай тұр» немесе «Өзің сөйлескің келіп тұр ғой, өзің бірінші хабарлас» деген әңгімелер серігіңіздің альфонстық міні бар екенінің көрсеткіші. Мұндай адам сізге қажет пе? Қорытындысын өзіңіз жасарсыз».

№4. Егер қайтып хабарласпаса – көңіл түсірмеңіз

«Егер кездесуді қалап жүрген бірнеше үміткермен сөйлесіп жүрген болсаңыз, оларды бір-бірімен шатастырып алмас үшін телефон нөмірлері мен аттарын міндетті түрде жазып қойыңыз. Айтпақшы, нөміріңізді алған әрбір жігіт хабарласа бермейді. Ер адамдар кешке немесе түнде қайнап тұрып, таңертең айнып қалуы мүмкін.  Келесі күні-ақ сіз туралы ұмытып кетсе қапаланбаңыз. Сайтта танысудың кемшіліктерінің бірі осы».

№5. Бірінші кездесуде аз сөйлеп, көп бақылаңыз

«Кездесуді бейтарап территорияда белгілеген жөн, мысалы, кафе, ресторан, парк, кино және т.б. Оны бақылаңыз: сізді қалай қарсы алды, даяшылармен қалай сөйлеседі. Не туралы әңгіме өрбітетініне байланысты, сіз оған жалпы қызықсыз ба, соны анықтауға болады. Осы тұрғыда менің бір өмірлік тәжірибем бар: сайтта әңгімеміз тамаша өрбіді – сыпайы, сабырлы, салмақты жігіт. Мен де оны солай елестеттім. Кафеге келдік. Бір сағат бойы оның «әйел қандай болуы керек, кездесуге қалай киінуі керек, не туралы әңгіме айтуы керек, жігітке қалай ұнауға тырысуы керек және т.б.» тақырыпта әңгімесін тыңдауға мәжбүр болдым. Әйелді төмендету арқылы өзін биіктету – бұл диагноз.

№6. Қиялдамаңыз

«Бізді қоршаған орта – бұл біздің дәл қазіргі сәттегі ойымыз, жағдайымыз. Кейде кейбір сөз немесе әрекет негатив тудырады, ал кейде керісінше, бір сөз, адамның қылығы қызығушылық тудырып, оған деген қатынасымызды өзгертеді. Сурет немесе жазысу арқылы жасап алатын бейнеміз біздің дәл қазіргі сәттегі жағдайымыздың көрінісі. Позитивті болса адамдар да комплимент жаудырады. Жанымыз тыныш болмаса, сенімсіз болсақ және агрессивті отырсақ – сәйкесінше негатив аламыз. Шын мәнінде адам энергетикасы монитордың ар жағынан да білінеді».

№7. Өзіңізге фотосессия жасатыңыз

«Сырт келбет емес, ішкі дүние маңызды деп жатамыз. Дегенмен, күтім маңызды екені рас, өзіңе сенімділік маңызды екені рас! Жиі комплимент есту – өзіңе сенімділікті арттырады және біршама стерва болуға итермелейді. Ал бұл еркектерді баурайды! Өзіңіздің сұлу екеніңізге бірінші кезекте өзіңіз сеніңіз, сонда сізді де жұрт ханшайым деп қабылдайды! Мен сіздерге айтам, өзіне сенімсіз, қолын бір сілтеген, ханымдар! Талғамы мықты шебер фотографқа барып, фотосессия жасатыңыз. Бейнеңізге кішігірім сексуалдық пен харизма беріп, танысу сайттарына барыңыз. Коиплименттер мен назар өзіңді сенімді күшейтіп, сұлу, тартымды екеніңе сендіреді. Осы сезімді миыңызға сақтап алып, флирт негіздерін үйреніп, шынайы өмірге шығыңыз. Сенімділік пен өзіңізге деген махаббат жігіттердің тамсануын тудырады. Сәттілік!»

Дайындаған: Анар Мұстафина

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған