Жүкті болудың 10 жолы

Отбасы құрып, балалы болуды жоспарласаңыз, əрине алдымен маманның пікіріне жүгінген жөн. Дегенмен сізге жүкті болудың 10 амалын назарыңызға ұсынамыз.

1. Жүкті болудан сақтануды доғару:

Мүшеқап немесе диафрагма сияқты кейбір сақтану әдістері етеккірдің тұрақталуына əсер етпейді. Ал контрацептив немесе басқа гормоналды препараттармен сақтанып жүрген қыздарға етеккірінің реттелуін күтіп барып, ағза дайын болғанда бірақ көтерген абзал.

2. Жүкті болуға тиімді күндерде (овуляция) жыныстық қатынасқа түсу

Екі жұптың бірі жүкті болуға қолайсыз уақытта әрекет етеді екен. Әйелдің циклда 2-3 күнде ғана жүкті болу ықтималдығы бар. Жүкті болу ықтималдығын көтеру үшін овуляция күнін анықтап барып, сол күні және 1-2 күн бұрын жыныстық қатынасқа түсу көмектеседі.
Орта есеппен алғанда цикл 28 күн, ал овуляция циклдың 14-ші күніне келеді. Әдетте əр әйелдің циклы əр түрлі, яғни əркімнің етеккір циклы 28 күн болуы шарт емес. Етеккір циклын овуляцияны анықтайтын тестпен қадағалап, қаншасыншы күні болатынын біле аласыз.

3. Фолий қышқылын қабылдаңыз

Фолий қышқылы балалардың спина бифидамен туылуының алдын алады.  Англиялық Chief Medical Officer жүкті болуды жоспарласаңыз үш ай бұрын және де бойға бала біткен соң тағы үш ай фолий қышқылынан күніге 400 µm қабылдауды кеңес етеді. Дұрыс тамақтансаңыз ағзаңыз фолий қышқылын азық-түлік арқылы да қабылдайды. Сонда да қосымша қабылдаған артық етпейді.

4. Дұрыс тамақтану

Бала көтерместен бұрын тағам үлесі мен тамақ ішу режимі ретке келтіру қажет. Ағзаңызға керекті пайдалы заттектер мен витаминдерді толықтыру үшін жеміс-жидекті молынан жеп, әр түрлі көкөністерден дайындалған тағамдармен тамақтанған абзал. Сонымен қатар сүтті тағамдар мен ірі тартылған ұн өнімдерімен тамақтану керек.

5. Мына тағамдардан аулақ болыңыз:

Шикі жұмыртқа, шикі пісірілген ет пен теңіз өнімдерімен жүкті кезеңде тамақтанбаған жөн. Бұл тағамдардың құрамында сальмонеллез және басқа да қауіпті бактериялар кездесуі мүмкін. Дәрігердің кеңесінсіз беталды кез келген витаминдерді қабылдамағаныңыз дұрыс. Дəріханадан да дəрі-дəрмек алмастан бұрын маманмен ақылдасқан жөн. Жеміс-жидекті әрқашан жуып жеп, етті толық пісіріп жеуді ұмытпаңыз.

6. Белсенділік көрсетіп, салмағыңызды қадағалаңыз

Жүктілік əйел адамның ағзасына үлкен ауырлық  тигізеді. Бала көтерместен бұрын салауатты өмір салтын қалыптастырудың пайдасы зор. Спорттық жаттығулар зат алмасу процестерін реттеп, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады. Ағзаңыз энергияға толып, стреске оңай төтеп береді. Дұрыс салмақпен жүкті болу мүмкіндігіңіз артады. Сондықтан ең бірінші артық келіден құтылуға тырысыңыз.

7. Шылым мен ішімдіктен бас тартыңыз

Темекі шегу, алкоголь ішу не басқа да бір есірткі қабылдау жүкті болу мүмкіндігін бəсеңдетеді және болашақ ананың денсаулығына зияны зор. Сондықтан бала көтеруге қамданған əрбір әйел жоғарыда аталған зиян заттардан бас тартуы керек. Жүкті кезеңде ішімдік ішу жатырдағы балаға залал келтіреді, сол себептен ішімдіктен де толығымен бас тартқан жөн. Шылым, алкоголь және есірткі еркектің ұрығының сапасын төмендетеді.

8. Қызамыққа қарсы екпе алу

Қызамық ауруы эмбрионға үлкен зиян келтіреді. Жүктілікті жоспарлауға екпелеріңізді түгелдеу де кіреді. Жүктілік уақытында қызамық сияқты жұқпалы аурудан сақтану үшін, дəрігермен ақылдасып керекті екпелеріңізді алып алыңыз.

9. Гинекологқа көріну

Бала көтеруді жоспарлаудың ең бірінші қадамы гинекологқа көріну. Қынап флорасында инфекциялар мен бактериялар барын тексеруді ұмытпаңыз.

10. Екі жақты шешім қабылдау

Балалы болу шешімін əлбетте жолдасыңызбен бірге қабылдағаныңыз дұрыс. Ол да сізбен бірге əке болуға қамдануы тиіс. Денсаулығына көңіл аударып, барынша салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн. Ішімдік пен темекіні азайтып, лажы болса тіпті бұл əдеттерінен бас тартып, пайдалы тамақтануын қадағалауы керек. Мүмкіндігінше кең іш киім кию қажет, яғни жыныс мүшелерін қысатын тырысқан іш киімдер болмауы шарт.

Дайындаған: #Сымбат Сабитқызы

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған